Kapshagay.gov.kz

Мешіт құрылысы

Главная



Қапшағай қаласында жаңа мешіт салынуда. 2 қабаттан тұратын 600 орынға арналған алла үйін тұрғызуға «Аламан» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі демеушілік көрсетуде. Мешіттің екінші қабаты әйел азаматтарының намаз оқуына лайықталған. Жалпы, қаладағы мешіт қапшағайлықтар үшін таршылық етеді. Мұнда келушілер қатары барған сайын артып келеді. Олардың арасында әсересе, жастар саны көп. Сондықтан, мешітке сыймаған жамағат намазды далада оқуға мәжбүр. Сол себепті, қала басшысы Талғат Қанатұылы, жергілікті мешіттің бас имамы Алдажар Сейітұлы және кәсіпкер азаматтар ақылдаса келе өңірге жаңа мешіт салу жобаланады. Енді заманауи үлгіде, ажарлы қасиетті орын тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аяқталып, көпшілік игілігіне берілмек деп жоспарлануда. Мұсылман қауымының құлшылық ету орнының кірпішін өз қолдарымен қалап, құрлысын көруге Қапшағай қаласының әкімі Талғат Қайнарбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл арнайы келіп, қайырымды іске өз үлестерін қосса, аумақтың ақсақалдары көпшлікке өздерінің баталарын беріп, баршасына аманшылық тіледі.   

 

 


Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .