Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласындағы жекеменшік балабақшаларда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы хабарлама

Главная


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес, Қапшағай қаласының білім бөлімі жекеменшік балабақшаларда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша 50 орынға конкурс өткізеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша 50 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысты орналастыру бойынша конкурс Қапшағай қаласында орналасқан жекемешік балабақшалары үшін өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау мерзімі 2019 жылдың 07 тамыздан 27  тамыз күніне дейін Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі 13, «Қапшағай қаласының білім бөлімі» ММ 210 кабинетте сағат 09.00 ден 18.30 дейін.


Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыруға
комиссия құрамын бекіту туралы

«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығы негізінде БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін 1- қосымшаға сәйкес комиссия құрамы бекітілсін.
  2. Комиссия құрамы хабарландыру мазмұнын бекітсін.
  3. Хабарлама БАҚ беттеріне және бөлім бөлімінің ресми сайтына орналастырылсын.
  4. Комиссия отырыстарының  хаттамасын жазу, құжаттарын жинақтау хатшыға жүктелсін.
  5. Осы бұйрықтың орындалуын бөлімнің заңгері Е. Джумадиловқа жүктелсін.

 

Бөлім басшысы                                                                   Р. Ешімова


  1. қосымша

 

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруға комиссия құрамы

 

1.

Комиссия төрайымы,
Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы

Р. Ешімова

2

Комиссия төрайымының  орынбасары,
Қапшағай қаласы білім бөлімінің заңгері

Е. Джумадилов

 

Комиссия мүшелері:

 

3

Қалалық «Нұр Отан» партисы филилалының  кеңесшісі

И. Байборинов

4

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы

В. Ертлеуова

5

Қапшағай қалалық «Ардагерлер ұйымы» филиалының төрағасы

С. Вижунов

6

Қапшағай қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ-ның санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы

Ж. Жанахова

7

Білім бөлімінің бас есепшісі

 

А. Зікір

8

«Қапшағай қаласы маслихатының аппараты» ММ-нің бас маман-аудармашысы

М. Ахметова

9

Комиссия хатшысы
Білім бөлімінің әдіскері

 

М. Сарсабекова

 


"Қапшағай қалаcының білім бөлiмi ММ"


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .