Kapshagay.gov.kz

«Асыл жандар, шуақ боп шашылғандар»

Главная



      04 наурыз күні қалалық кітапхана 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, әрі қаламыздың 50 жылдығын мерекелеу аясында «Асыл жандар, шуақ боп шашылғандар» атты қаламызда еңбегімен танылған әйелдермен мерекелік кеш ұйымдастырды. Шарада арнайы шақырылған Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мәдени жұмыс ұйымдастырушысы, қаламызда көп жылдар бойы әнімен танылған жез таңдай әнші Алмаз Ахатқызы Мадиева, балалар емханасының меңгерушісі бас дәрігері Лилиана Андреевна Рзабаева,  "Қамқор Жүрек" мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің төрағасы ЛяззатСалыкова, Қапшағай қаласының №4 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі және қалалық білім бөлімінің жетекші маманы Аршагүл Нұрғалиқызы Ахметова, «Столичный» дүкенінің кондитері, кітапхананың жанашыры Наталья Викторовна Даниленколар туралы жан-жақты таныстырылды. Олардың еңбектегі жетістіктері мен өнегеге толы әңгімелері тыңдалды.Өз кезегінде қонақтар қолдары бос кезінде айналысатын сүйікті істері  туралы айтып, он саусақтарынан өнер тамған дарын иелері екендерін де көрсетті. "Қамқор Жүрек" мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің арнайы дайындаған қолөнер бұйымдарының көрмесі қатысушылардың қызығушылығын тудырды. А.Мадиева, Л.Салықова менкішкентай өнерпаз Айша Әлімжанның орындаған әндері көрерменніңжүрегінен орын алып, қошеметінебөленді. Кітапхана директоры Н.Кенжебекова қонақтар мен қатысушыларды құттықтап, мерекелік сый сияпат табыстады.
      Шараға Қапшағай қаласының үздіксіз білім беру колледжінің педагогтері Жексенгүл Қырбайқызы Тайшығашова, Роза Төлендіқызы Қуандықова мен осы колледждің студенттері белсенді қатысты.
      Шарада 8 наурыз мерекесіне слайд көрсетілімдері көрсетілді, фотозона ұйымдастырылды.


Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .