Kapshagay.gov.kz

Шеңгелді ауылының оқушылары Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арнайды

Главная


 

Абай – ұлттық болмыстың үлгісі. Ол халық даналығының барша жақсы қасиеттерін бойына сіңіре отырып, ұлттық поэзияны, өнерді, қоғамдық ойды байытқан дара, дана тұлға.  Иә, Абайдың асыл сөздерінен артық құндылық жоқ. Абай адамзатқа ортақ. Ұлы ақынның шығармалары әлемнің 30-дан аса тіліне аударылды.  Ұлы ойшылдың еңбектері күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпай, баршамызға рухани азық болып отыр. «Көзімнің қарасы» – Абайдың 1891 жылы жазылған өлеңі. Абайдың кей өлеңдерін жатқа білмейтін қазақ кездескенімен, «Көзімнің қарасы» әнін білмейтін қазақ жоқ. Бүгін де Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Шеңгелді ауылында шырқалды. Орындаған – Шеңгелді ауылының № 6 Қ.Жалайыр атындағы орта мектебінің оқушылары. Жетекшісі – мәдениет үйінің әдіскері Толқын Жұпарбекқызы.




Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .