Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласының 50- жылдығы аясында “Қапшағай бала көзімен” атты балалар мен жасөспірімдер арасында бейнелеу өнері мен қолөнер байқауы

Главная


Ақпан  айының 20 - жұлдызында  Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қапшағай қаласының 50- жылдығы аясында “Қапшағай бала көзімен” атты балалар мен жасөспірімдер арасында бейнелеу өнері мен қолөнер байқауын өткізді.
Шараға Шеңгелді ауылдық округінің мектеп оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қырларын  ашып,  дарынды жастарды анықтау және қолдау. Сонымен қатар Отанға, ел мен жерге деген патриоттық сезімін  ұялату, Қапшағай қаласының мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу.
Талапты жастар арасында өткен байқаудын ашылу салтанатында  мәдениет үйінің директоры Райымбек Медеубаевсөз сөйлеп ашып, жас шеберлерге сәттілік тіледі. Сондай-ақ, бейнелеу өнері бойынша қазылар алқасының төрағасы Бекдәулет Сегізбаев, қолөнершілер бойынша қазылар алқасының төрайымдары Ақтанова Айгүл, Тасибекова Еркежансөз сөйлеп, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Мұнан соң талапкерлердің көрмеге әкелген жұмыстарымен танысу кезеңі басталды. Мәдениет үйінің залында қойылған туындылардан  Қапшағайға деген үлкен құрмет байқалды.
Байқаудын қорытындысы бойынша «Бейнелеу өнері» жанры бойынша І- орынды Марат Ая (10 жас) жеңіп алды жетекшісі Суйнтаев Ахан, ІІ-орынға Бақберген Әсет (13 жас) ие болса жетекшісі Байназаров Айтмұхамбет, ІІІ-орынды Рахмет Ильяс (11жас) пен Оналбаев Ерболға (13жас)  бұйырды. Ал «Қол өнері» жанры бойынша І- орындыИзтлеу Эзель (11 жас) жеңіп алды жетекшісі Бейсагулова Гүлім, ІІ-орынға Ысқақ Нұрислам (8 жас) ие болды жетекшісі.  Жеңімпаздар дипломмен және сыйлықтармен марапатталды.

Дом культура село Шенгельды




Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .