Kapshagay.gov.kz

Әлеуметтік осал топтардағы азаматтарға пәтер сертификатын салтанатты түрде табыстау рәсімі

Главная



2020 жылғы 12 ақпан күні қалалық мәдениет үйінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауын іске асыру мақсатында Алматы облысы әкімі А.Баталовтың  қолдап  қатысуымен, «Энерверс күн қуат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілік қолдауымен әлеуметтік осал топтардағы  30 азаматқа  пәтер сертификаты салтанатты түрде табысталды.
Пәтер табысталған әлеуметтік осал топтардағы азаматтар қатарына: көпбалалы аналар, жетім балалар, 1,2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар.
Шара барысында Алматы облысы әкімі А.Баталов өз құттықтауын жеткізіп, салтанатты шараның демеушілері кәсіпкер, метценат Болат Абилов пен Ораз Жандосов жылы лебіздерін білідіп пәтер иелеріне сертификаттарын тапсырды.
Концерттік бағдарламаға қала өнерпаздары мен арнайы шақыртылған қазақ эстрадасының жұлдыздары «Меломен» тобы ән шашумен жалғасын тапты.

Қапшағай қалалық мәдениет үйі

 




Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .