Kapshagay.gov.kz

Главная



«Кітапханадағы ғажайып түн»: кітапхана түні

 

15 қазан күні Қапшағай қалалық кітапханасында «Кітапханадағы ғажайып түн» атты кітапхана түні шарасыболып өтті. Мақсаты –кітап оқуды насихаттау, қоғамдағы кітапхананың рөлін арттыру, көпшілік шаралардың инновациялық түрлерін ұйымдастыру.
Қазіргі заманғы технологиялар, өзекті трендтер мен жаңа көзқарастар таратуға және білім алуға арналғанкітапхананың әр түрлі бөлімдерінің 5 алаңында іс-шаралар ұйымдастырылды.Фойедегі «Қапшағайым – мақтан тұтар мекенім» атты кітап көрмесі мен «Оқу инемен құдық қазғандай» инсталляциялық көрмесінен басталған шара оқу залында жалғасты. Шараның ашылу салтанатында Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары С.Нұрғазиев сөз сөйлеп, кітап оқудың адам өміріндегі маңызына тоқталды.Оқырмандар кітапхана түнінің «Бірге оқиық» қызықты кездесуіндебелгілі кәсіпкер М.Сиргебаев пен жеке кәсіпкер,  «Бизнес Дайджест» газетінің, «Солнечныйгород» журналының бас редакторы С.Айсағалиеваның қызықты ой-пікірлеріне қанық болды. Сондай-ақ кәсіпкер, меценат М.Сиргебаевтың  «Мояземля – моиЗемляки» кітабының тұсаукесері болып, автор қала мен өз жерлестері туралы жазған жаңа кітапты қалалық кітапханаға тарту етті.«Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қапшағай қалалық филиалының төрағасы А.Бесбаев пен  «Нұр Отан» партиясы Қапшағай қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Е.Нұрпейісов авторға құттықтауларын айтып,жылы лебіздерін білдірді.
Қалалық кітапхана қызметінің жаңа бағытта, жаңа үлгіде қалыптастырудағы жаңа бағыттарымен бөлім меңгерушісі Д.Жолымбетова «Веб Рабис бағдарламасы», «Өлкенің мәдени мұрасын өркендету» тақырыптарында таныстырды.
Кітапхананың серіктесі болып табылатын Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бағдарламаның «Мейірімділік жолымен» атты  бөліміне қатысты. Орталық директорының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары М.Қожахметов сөз сөйлеп, орталықтың қызметкерлері, көпке танымал күміс көмей әншілер А.Мадиева, А.Райымхан мен өнерпаздарыЯ.Мурзабаев, А.Атыбаев әсем әндер орындады.
«Спорттағы саңлақтар» тейбл ток шарасына шақырылған Қапшағай қаласындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры  Е.Жағыпаров пен Каратэ до аға жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері,  қара белбеудің 6-шы дан иегері М.Ариповтерге кейіпкерлердің қырларын ашатын қызықты сұрақтар қойылды.
Қаланың «Jalyndyjasstar» дебат клубы «Латын әліпбиі»  дебатын оқу залындағы алаңда жүргізді. Кітапхана түніне арнайы шақырылған Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана жобасының қатысушылары - ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Қапшағай қаласының құрметті азаматы А.Жақияноваға, композитор, музыкалық еңбектердің авторы Ж.Саденовке, ақын,Әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі І.Тойшыбайұлы мен ақын Б.БаиловқаАвторлық шарттар тапсырылды.
Бағдарлама барысында қаламыздың өнерпаздары«Қазына», «Сезім» би топтары мың бұрала би билесе, орта мектеп гимназияның оқушысы А.Исатаева, Д.Қонаев атындағы №1 орта мектептің оқушысы И.Рамазан орындаған әндер тыңдармандарға кешкі көңіл күй сыйлады.Қатысушыларкомпозитор, Балалар шығармашылық орталығының педагогі Ж.Саденов флейта аспабында композитор Ш.Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында» әнініңәуенінүлкен ықыласпен тыңдады.
Коворкинг орталығында «Biblio спорт» ұйымдастырылып, үстел үсті ойындары – дойбы, шахмат ойындары ойналды. Абонементте «Еңбек пен өнер егіз» атты «Подруги» клубының қол өнер көрмесіндегі көздің жауын алатын заттар үлгілері көпшілік назарына ұсынылып, таныстырылды.
Кітапхана түнін қалалық кітапхананың директоры Н.Кенжебекова қорытындылап, қонақтарға кітаптар сыйлады.
Оқуды қолдау,  кітапқа деген қызығушылықтарды дамыту, сондай-ақ жаңа форматтағы бос уақыт өткізу формаларын ұсынуға бағытталған шарада кітапхана шығармашылық-демалыс аумағына айналды. Осылайша шараға қатысушылар тағылымды шарадан қызықты мәліметтерге қанығып, кітапхана ісіндегі жаңа бағыттармен танысты.

 

Қапшағай қалалық кітапхананың
бөлім меңгерушісі Д.Жолымбетова



“Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі”ММ-нің
“Шеңгелді ауылдық мәдениет үйі” МКҚК-ның
“Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласы аясында
Шеңгелді ауылының № 6 Қадырғали Жалайыр атындағы мектебінде
“Алтын күз” атты жас сүретшілердің байқауы

 

Қазан  айының 4 - жұлдызында  Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында, «Алтын күз» атты  жас суретшілер байқауын өткізді. Шараға Шеңгелді ауылының № 6 Қадырғали Жалайыр атындағы мектептің 7 сынып оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты — жастардың шығармашылық қырларын ашып, дарынды жастарды анықтау және қолдау. Сонымен қатар, танымдық қызығушылықтарға ынталандыру және туындыларын көпшілікке жария ету арқылы жас суретшілердің белсенділігін арттыру. Талапты жастар арасында өткен сурет сайысының ашылу салтанатында сынып жетекшісі Калыбекова Нургуль Ергеновна құттықтау сөз сөйлеп, жастарға сәттілік тіледі.
Сайыстың қорытындысы бойынша І орынды 7 сынып оқушысы Бақыт Ақнұр жеңіп алды. ІІ орынға 7 сынып оқушысы Қалибай Жандос ие болса, ІІІ орын 7 сынып оқушысы Қуанышбай Сымбатқа бұйырды. Жеңімпаздар дипломмен және сыйлықтармен марапатталды.



«Дарындар іске!» атты облыстық жобасының іріктеу кезеңі


16 қазан күні Қапшағай қаласының мәдениет үйінің көрермендер залында «Дарындар іске!» атты облыстық жобасының іріктеу кезеңі өтті. Байқаудың іріктеу кезеңіне Балқаш, Іле, Кербұлақ ауданы және Қапшағай қаласының дарынды азаматтары қатысты. 
Жобаның мақсаты: мүмкіндігі шектеулі азаматтардың бойындағы дарынды анықтап, сол арқылы бизнестерін құруға ықпал ету, олардың қоғамдағы белсеңділігін арттыру, қанаттандыру. Осы бағдарлама арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысқа тұруына ықпал ету, олардың келелі мәселелерін анықтап, шешу жолдарын қарастыру. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бизнесті бастау және оны қалай құруы бойынша бизнес сабақтарды беріп, сауаттылығын арттыру.
Іріктеу кезеңде қазылар алқасы құрамында  журналист, қоғам белсендісі, қазылар алқасының төрайымы – Ахмедиева Алия Қасымханқызы, Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлуметтік бағдарламалар бөлімінің директорының орынбасары – Қойшанова Гульнара Нурғазықызы, Алматы облысының халық шығармашылық орталығының бөлім меңгерушісі – Нұрахметов Асқар Қалиұлы, Ғылыми-тәжірибелік орталығының директор орынбасары – Мұсапірова Айнұр Кеңесқызы, Бұқаралық ақпаратпен қамту орталығының журналисті Дүйсенова Сандуғаш Елубайқызы болды.
Іріктеу кезеңі барысында Қапшағай қаласы мен Іле ауданы қол өнер көрмесің ұсынып, Балқаш, Кербұлақ, Іле аудандары мен Қапшағай қаласының өнерпаздары өз өнерлерің көрсетті. Қапшағай қаласынан қатысқан өнерпаздар Абдрахманова Амина және Салықова Ләззат іріктеу кезеңінен өтіп, 15 қараша күні Талдықорған қаласында өтетін гала концертке қатысады.
Авторы  Бекзат Жусенова




Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .