Kapshagay.gov.kz

Главная


«Қапшағайым саған арналады" атты қалалық жас суретшілер байқауы

 

11 Қыркүйек күні қалалық мәдениет үйінде Қапшағай қаласы күні қарсаңында "Қапшағайым саған арналады" атты қалалық жас суретшілер байқауына қала оқушылары белсене қатысты. Байқауға 20 қатысушы ұсыныс берді. байқаудың өткізу мақсаты жастарды шығармашылыққа тарту, дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың танымдық қызығушылығын ынталандыру, өнерге баулу. Байқауға қатысушылардың жас мөлшерлері 8-15 жас аралығында болды. Үміткерлер өз суреттерін әділқазылар алқасына таныстырып өтті. Байқау әділқазылар алқасының құрамында қаламыздың үздік өнер мектептерінің ұстаздары Созонтова Людмила Семеновна, Сарайбаев Ахметжан Узанкулович және қалалық жастар ресурстық орталығының бас маманы Кабдоллина Диляра Нұрланқызы болды. Байқау жеңімпаздары: 1 орын №3 орта мектебінің оқушысы Саветхан Назерке, 2 орын орта мектеп-гимназиясының оқушысы Әлдібек Малика, 3 орын Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектебінің оқушысы Сайлау Қуаныш, №4 орта мектебінің оқушысы Смагулова Жанерке.
Байқаудың шартына сайкес ең үздік деп танылған сурет Қапшағай қаласы әкімінің арнайы дипломы 21 қыркүйек күні қала күніне орай жиынында осы байқаудың жеңімпазы 1 орын иегері №3 орта мектебінің оқушысы Саветхан Назеркеге табысталады.
Назерке өз туындысын қала әкіміне естелікке сыйлауға мүмкіндігін алды.



«Менің сүйікті қалам» мәнерлеп оқудан  қалалық  байқау

 

12  Қыркүйек күні қалалық мәдениет үйінде Қапшағай қаласы күні қарсаңында «Менің сүйікті қалам»  атты мәнерлеп оқудан қалалық байқауына қала мен өңірінің оқушылары белсене қатысты. Байқауға 28 қатысушы ұсыныс берді. Байқаудың өткізу мақсаты: жас өнерге туған жеріне деген махаббатын, туған қаласына деген мерейін арттыру, көркем әдебиетті, қала қаламгерлерінің шығармашылығын мұрасын насихаттау.
Байқауға қатысушылардың жас мөлшерлері 8-16 жас аралығында болды. Үміткерлер  қала ақындарының шығармаларын мәнерлеп оқып,  өзін-өзі таныстырып өтті.  Байқау әділқазылар алқасының құрамында қаламыздың үздік ақындарымен жазушылары - Жақиянова Алтыншаш Жұманқызы -  Қазақстан Республикасының Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесі, 20-дан астам кітаптың авторы, Есилбаев Зарыккан  Әбілқасымұлы -  Қапшағай қалалық “Нұрлы өлке” газеті, редактордың орынбасары , 2 кітаптың авторы және Баилов Берік Шәріпұлы - ЛА 155/14 түзету мекемесі, колледж директоры, 1 кітаптың авторы.
Байқау жеңімпаздары: 1 орын Шеңгелді ауылы №6 орта мектебінің оқушысы – Балтабай Ақансері, 2 орын орта мектеп-гимназиясының оқушысы – Төлебай Дінислам, 3 орын иегерлері - Алтынсарин атындағы №1 орта мектебінің оқушысы – Наумова Дениза мен Қонаев атындағы №1 орта мектеп оқушысы – Абдурахман Ақмарал.  Байқаудың ерекше сыйлығына № 5 орта мектебінің оқушысы Попова Виктория, Арна ауылы № 11 орта мектебінің оқушысы Мухтарова Айбиби, №12 орта мектебінің оқушысы Мейрхан Айгерім ие болды.



«Сүйікті қалам-Қапшағай» атты мерекелік концерт


21 қыркүйек 2019 жылы Қапшағай қаласы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қалалық алаңда «Қапшағай қаласының 49-жылдығы» мерейтойы қарсаңында «Сүйікті қалам-Қапшағай» атты  мерекекелік концерті өтті.  Атаулы іс-шарадағы музыкалық компазицияда Балалар шығармашылық орталығы өнерпаздары, қалалық спорт мектебі оқушылары, Кәсіптік  және үздіксіз білім беру колледждері студенттері, «Flex» би мектебі өнерпаздары, Алматы қаласы  Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің студенттері атсалысып, өнер көрсетті. Концерттік бағдарлама эстрада әншілері Майра Ілиясова, Әсет Есжанның қатысуымен басталды. Кешкілік бағдарламада «Сүйінбай сазы» облыстық филармония өнерпаздары мен Алматы қаласынан арнайы келген «EQ and youngsters» жастар тобының концертімен жалғасын тауып, мерекелік отшашумен аяқталды.



Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінде
«Жастар жылы – 2019» Тұңғыш Президенттің жолдауына байланысты
«Білімді бол, оқушы» атты тренингі өткізілді

Қыркүйек айының 23 жұлдызында Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінде «Білімді бол, оқушы» атты № 6 Орта мектептің оқушыларымен тренингі өткізілді. Шараның басты мақсаты оқушыларға заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келгені айтылды.  Кеш барысында түрлі қызықты ойындар ойнатылып, логикалық сұрақтар қойылды.
«Ықылым заманнан бері қазақ атамыз  «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген сөзді қалдырғаның, қазақтың бұл мақаланың өзі бүгінгі күні айрықша мәнге ие болып отырғаны айтылып. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Сол білімді қажетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімізбен ғана бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын күрделі, орасан қажыр қайрат пен ерік — жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл», — деп атап өткен Тұңғыш Президентіміз.
«Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа», — деген Тұңғыш Президенттің айтылған сөздері талқыға салынды.

Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Т.Ж.Итемгенова




Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .