Kapshagay.gov.kz

«Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ – нің «Қапшағай қаласының қалалық кітапханасы» КММ Абай 174 жылдығына арналған «Өлең сөздің патшасы» кітап көрмесінің МӘЛІМЕТІ

Главная



Абай  Құнанбайұлы ақын, ағартушы, қазақтың жаза әдебиетінің негізін салушы, саяси қайраткер.Халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы – ұлы Абайдың шығармашылығы тек елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде талданып, үлкен сұранысқа ие болған. Оның артына қалдырып кеткен мұрасы -  өлеңдері мен қара сөздері, шығармашылығы бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоғалтпады.
Қапшағай қаласының қалалық кітапханасы 09 тамыз күні Абай Құнанбайұлының туылғанына 174 жыл толуына орай «Өлең сөздің патшасы» атты кітап көрмесін өткізді. Кітап көрмесін тамашалауға Д.А.Қонаев атындағы№1 орта мектептің «Балдырған» лагерінің балалары келді. Көрмеге данышпан ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар, сонымен қатар Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері», Абайдың ақындық дәстүрі, Абай туралы естеліктер және тағы да басқа түрлі басылымдар қойылды.

 

Бөлім меңгерушісі
Ф.Мырзагалиева




Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .