Kapshagay.gov.kz

«Ұлы ақын Абайдың ұрпағымыз» атты танымдық сағат

Главная


 

Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Даналықты көздесең
Жат, тоқып ал көңілге, - деп ақын, жазушы  Сұлтанмахмұт Торайғыров  жырлағандай қазақтың маңдайына біткен ұлы ақын Абай Құнанбайұлы мәңгі өшпес жарық жұлдызыдарының бірі. Абай – қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл. Ақын ел арасында болатын көптеген жағымсыз әрекеттер: іштарлық, көрсеқызарлық, сондай ақ көреалмаушылық, еріншектік, жалқаулық сияқты теріс қылықтардан аулақ болуға үндеп, ұрпаққа үлгі көрсетпек түгілі қара басын әрең алып жүрген мына халықтың берекесіз тірлігін күні бұрын көріп тұрғандай ашық та айқын суреттеп, тереңнен баяндаған. Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды. Кедейшіліктен құтылудың бір тәсілі егіншілікпен айналысу, қолөнер кәсібін және сауда-саттық жасауды үйрену екенін айтып өткен. Ғұлама ақын, ойшыл Абайдың мұрасын жаңаша ұғыну жалғаса береді, оның жалынды өлеңдері ешқашан да өзінің күшін жоғалтпайды. Өйткені Абай халықпен мәңгі бірге. Қазақстан халқы Абайдың туған күнін 10 тамызда тойлайды, биыл Абайдың туғанына  174 жыл толды.  Осыған орай, 16 тамыз күні Қапшағай қалалық кітапханада Қапшағай қалалық мәдениет үйі ұжымының ұйымдастыруымен және қалалық кітапхана және жастар ресурстық орталығының атсалысуыменен «Ұлы ақын Абайдың ұрпағымыз» атты танымдық сағатын өткізілді. Танымдық сағатқа қалалық мектептердің 11 сынып оқушылары қатысты. Қамтылған адам саны-15 адам.
Танымдық сағат барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығы  туралы сөз қозғалып, бейнежазба көрсетілді, соңында тақырып бойынша қорытынды сөз және  жастармен пікір алмасу өтті.

Авторы:   Арна ауылдық клубының әдіскері
А. Бисенғалиева




Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .