Kapshagay.gov.kz

Ұлттық Домбра күні

Главная



Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің басты символы әрі ұлы аспабы домбыра екендігі сөзсіз. Онсыз бірде–бір шара өтпейді. Көшпенділер заманында да, қазіргі заманда да солай. Шертпелі, екі ішекті аспап түрлі мамандық иелерінің, діні мен ұлты басқа жандардың басын қосады. Домбыраның күмбірлеген дыбысы терең ой-толғауларды сөзден артық жеткізе алады. Еліміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаев: Домбыра – қазақтың бренді мен паспорты, ешкімге ұқсамайтын қайталанбас келбеті- деп айып өткен еді.  Елбасының  жарлығы бойынша 1 шілде домбыра күні  ұлттық мерекесі болып бекітілген болатын. Атаулы мереге орай  1 шілде күні  қалалық саябақта «Домбырасыз ән қайда» атты мерекелік концерт өтті. Концертке қаламыздың жас өнерпаздары және  ауыл өңірі дәстүрлі әншілері мен күйшілері қатысты.




Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .