Kapshagay.gov.kz

Латын әліпбиіне көшу-заман талабы

Главная


 

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек»- деп жариялаған болатын, сол уақыттан бері қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жұмыстары жүргізіліп келе жатыр. Бірақ негізінен осындай үлкен қадамға тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындық болған.  
1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды, содан бері біз орыс графикасының  яғни кирилицамен қолданып келе жатырмыз.
Осы орайда 2019 жылдың 19 маусым күні Қапшағай қаласы мәдениет үйінің ұжымының  ұйымдастыруымен  Латын әріпбиін  қолдау мақсатында «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның басты мақсаты Жарқын болашаққа деген сенімді қадам жасау үшін, Өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беру.   Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді
жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ
алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет деп есептейміз.  Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана
қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады» деп
Қазақстан Республикасының тұңғыш  Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Жолдауында айтып кеткен болатын. Және де тұңғыш президенттің айтқан сөзі бойынша қазақ тілін латын әліпбиіне көшірген кезде барлық адамдарға оңай болады деген ойдамыз.
Қазіргі заман, технологиялық заман деп текке айтылмаған өйткені қазіргі кезде интернет желісінде жастар ғана емес кішкентай балар мен қарттар да отырады. Интернет желісі арқылы жаңа әліпбиді барлық адам жасына қарамай үйрене алады, өйткені қазір интернет желісінде адам арнайы аударма программалары арқылы қалаған сөзін жаңартылған латын әліпбиіне аударып жаттаса болады. Сол себепті латын әрпіне көшу қиындық туындатпайды деген толық сенімдеміз. Біз бір ауыздан латын әрпін енгізілуін қолаушы  қатарындамыз. Себебі, Еліміздің  жарқын болашағы – нақты қадамдарға байланысты.

 

Жүсенова Бекзат Күмісбекқызы
Қапшағай қаласы Мәдениет үйінің
көркемдік жетекшісі




Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .