Kapshagay.gov.kz

1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Главная



Қапшағай қаласында 1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күні аталып өтті. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Мейрамға жиналған жұртшылықты қала әкімі Талғат Қанатұлы құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.  «Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі - бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барша қапшағайлықтарды татулық пен келісімнің нышаны болған 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер», -деді қала әкімі. Мерекелік жиынға қазақ эстрадасының жұлдыздары Ұшқын Жамалбек, Асет Есжан, «Сунекеш» топтары  өнерлерін көрсетті. Жиын балалар шығармашылық орталығының  өнерлі жастарының, қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Сонымен қатар қалалық демалыс саябағында жергілікті өнерпаздар мен халықтық үлгілі атағы бар ансамбльдердің мерекелік концерті сағат 12.00-ден 14.00-ге дейін өтті.




Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .