Kapshagay.gov.kz

«Жетісу жұлдыздары-2019»

Главная


11 сәуір 2019 жылы сағат 10.00-де Қапшағай қаласы мәдениет үйінде Облыс әкімінің жүлдесі үшін өтетін «Жетісу жұлдыздары-2019» балалар шығармашылық байқауының аймақтық іріктеу туры өтті. Аймақтық іріктеу Қапшағай қаласы, Кербұлақ ауданы, Балқаш ауданы, Еңбекшіқазақ аудандары арасында өткізілді. Байқауға әділ-қазылар болып Қазақстан Республикасы «мәдениет саласының үздігі», Халықаралық, Республикалық байқаулардың лауреаты, Облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлім меңгерушісі Нұрмыхаметов Асқар Қалиұлы, Республикалық байқаулардың лауреаты, Сүйінбай атындағы облыстық филармониясы, Мұқан Төлебаев атындағы оркестірінің аспапшы әртісі Жексембаев Самат Жанғазыұлы, Халықаралық, Республикалық байқаулардың лауреаты, «Талдықорған әуендері» фольклорлық-этнографиялық ансамбілің әртісі Рүстемқызы Рауаш қатысты. 
Байқау нәтижесі бойынша 1 маусым 2019 жылы Талдықорған қаласы «Жастар» саябағында өтетін Облыстық байуға Қаламыздың намысын қорғауға Сарсенбай Айару, Мұхитқызы Арайлым, Пантелеева Елизавета, Алтынбек Али, Балғабекова Адия, Мұрат Ардақ, Сарсенбаев Нұрсұлтан, «Шабыт» домбырашылар ансамбілі, 
«Асылтау» классикалық би ансамбілі,«Арабеск» Заманауи би ансамбілі(Үлкендер тобы), «Визави» би ансамбілі, «Асылтау» халықтық би ансамбілі жолдама алды. Алдағы уақытты өтетін Үлкен байқауда Жеңімпаздарымызға Сәттілік тілейміз!



Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .