Kapshagay.gov.kz

«Мақал – сөздің мәйегі»

Главная


2019 жылдың 03 сәуірінде «Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»ММ ұйымдастыруымен Қапшағай қалалық кітапханасында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 15-17 жас аралығындағы оқушылар арасында «Мақал – сөздің» мәйегі байқауы ұйымдастырылып өткізілді.
Байқауға «Тіл» оқыту орталығының меңгерушісі,Әкімжанова Г.С., Қапшағай қалалық кітапханасының директоры Кенжебекова Н.Х., қалалық кітапхананың әдістеме ісі жөніндегі меңгерушісі Жалымбетова Д.Н. әділ қазылық етті. Жалпы конкурсқа 9 қатысушы қатысты. Байқау ережеге сәйкес бес айналымнан өтті. Әділ –қазы алқасы қатысушылардың дұрыс жауаптарын есепке ала отырып, ой ұшқырлықтарына өз бағаларын берді. Байқаудың нәтижесінде ІІІ орын «3 орта мектеп»МКМ  оқушысы Жұбай Аяжан, ІІ орын «4 орта мектеп»МКМ оқушысы Жабықбай Дана, І орын «Орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен»ММ оқушысы Тулебай Назгүл иеленсе, Қарасай ауданында өтетін облыстық байқауға жолдаманы бас жүлдені иеленген «3 орта мектеп»МКМ оқушысы Байқонысова Гүлзат алды.
Байқау соңында оқушыларды дайындап, белсене ат салысқан мектеп мұғалімдеріне бөлім басшысы алғыс хаттармен марапаттады.



Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .