Kapshagay.gov.kz

Мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына орай «Т.Рысқұлов -ұлы тұлға» атты дөңгелек үстел

Главная



Қазақ халқының тарихи тұлғалары, олардың ерлігі, адами асқақ бейнелері бүгінгі ұрпақ үшін үлкен тәрбиенің арнасы айналды. Солардың бірі қазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері   - Тұрар Рысқұлов.  Тұрар Рысқұлов өзін терең ойлы, болашақты болжай білген әлемдік деңгейдегі реформатор тұлға ретінде тарихта қалды, Ол – экономика, мәдениет, дипломатия, тарих, ғылым, білімнің әр саласын жете меңгерген аса талантты адам.
18 қаңтар күні Елбасы Н.Назарбаевтың "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында Мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына орай "Тұрар Рысққұлов -ұлы тұлға" атты дөңгелек үстелі Арна ауылдық клубының ұйымдастыруымен №11 ауылдық орта мектебінде өтті. Дөңгелек үстел барысында Тұрар Рысқұловтың өмір жолдарымен таныстырылып, еңбектері туралы қысқаша мағлұмат берілді.
Дөңгелек үстел мақсаты:  Мемлекет қайраткері Т.Рысқұловтың ұлты мен халқына жанашырлықпен қараған іс-әрекеттерін зерделеп, халыққа таныту болып табылады.



Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .