Kapshagay.gov.kz

Ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Мақпал Мысаның Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры ұйымдастырған «Алтын тобылғы» Республикалық әдеби байқауында бас жүлдені жеңіп алған «Шоған абыз» кітабының тұсаукесер кеші өткізілді

Главная



2019 жылдың  25 қаңтар күні Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласының «Туған ел – туған жер» бағдарламасы аясында «Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен оған қарасты Қалалық кітапхана мен Мәдениет үйнің ұйымдастыруымен  киелі поэзия әлемінде өзіндік үн, өзіндік бояу, ажары бар, өлең өлкесінде сырлы сезімге толы сәулелі жырымен өрнегін салған ақын, Қазақстан жазушылар және журналистер Одағының мүшесі Мақпал Мысаның Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасы қоры ұйымдастырған «Алтын тобылғы» байқауында бас жүлдені  жеңіп алған «Шоған абыз» кітабының тұсаукесер кешін  өткізді.
Ақын Мақпал Мысаның Райымбектің арғы атасы Шоған абыз жайлы қалам тербеткен жаңа кітабының тұсауын Қапшағай қала әкімінің орынбасары  Сағдат Шатанұлы Нұрғазиев және   кешімізге арнай келген қадірменді қонағымыз Жарас Сәрсек мырзаға ұсынылды. 
Шара барысында  жүргізушілер Лаура Байкитаева мен Қасиет Талғатұлы  ақынның өмірімен шығармашылығына тоқталып, «Шоған абыз» кітабына дайындалған буктрейлер  таныстырылды, сонымен қатар ақын-жазушылардың ақын Мақпал Мыса туралы айтқан  ой –пікірлері  видео-слайд арқылы көрсетілді. Шежірелі тарихымыздан сыр шертетін, 5 бөлімнен тұратын, шоқтығы биік тарихи поэманың бірінші бөлімін ақын Мақпал Мыса өзі бастап, ал екінші және  төртінші бөлімдерін Қаситет Талғатұлы, Шыныбек Абдырахманов,  Ерсұлтан Тоқтарғазы, Омар Толкуынбай,   Қанат Мұхаметкәрім, Естай Тәшметтердің  қатысуымен   сахналық  қойылым арқалы поэманың мазмұнын ашыла түсті, ал үшінші бөлімді  32363 әскери бөлімнің Мәдени демалыс орталығының  аға маманы Шыныбек Абдырахманов,  оркестр музыкант аға маман  Саян Майнағаш дәстүрлі әнге салып орындап береді, үш тілге аударынған поэманың бесінші бөлімін оқушылар - Орещенко Маргарита, Акимжанова Сәньсәбель, Мазақова Зәмира,  Тоқтарғазы Ерсұлтан қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілінде оқып берді.  Ақын  Мақпал Мысаның  жырын сүйіп оқитын жастарымыз  - Арғанат Азиза, Гулзат Байқонысова, Ерсұлтан  Тоқтарғазы ақынның  
жыр шумақтарын оқыды. Кешміздің қадірменді  қонақтары: Ахметтаев Қайрат Нұраханұлы  - Қапшағай қалалық мәслихатының хатшысы,  Ахтанберді Нарматұлы Қалқабай  - Қапшағай қала әкімінің орынбасары,  Ермек Жаманқараұлы Қожахметов - Қапшағай қаласы әкімі аппаратының басшысы, Ержан Ешмұханбетұлы Нұрпейісов - «Нұр Отан» партиясы Қапшағай қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары,  Жарас Сәрсек -  ақын,  Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Дүниежүзілік Түрік ақындары фестивалінің лауераты,  Республикалық  «Үркер» әдеби журналының бас редакторының орынбасары,  Ерлан Жүніс – ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты,  Жангелді Немеребаев – ақын әрі сазгер. Қазақ эстрадасының жас жұлдыздары: Марта Төлепберген, Алуа Қосанова, Роман Майғазиев, Ердәулет Еркінбеков. Сонымен қатар әдебиет әлеміне өзіндік қолтаңбаларымен келген жергілікті қарымды қаламгерлеріміз А. Ж. Жақиянова, Б. Баилов қатысып ізгі тілектерін білдірді.
Кеш соңы қазақ  эстрадасының  жас  жұлдыздарның қатысуымен концерттік бағдарламасымен жалғасты. 
Шараның мақсаты -  рухани жаңғыру аясында оқырман қауымды жергілікті ақынның шығарма-шылығымен таныстырып, шежірелі тарихымыздан сыр шертетін тарихи поэма арқылы жастарға патриоттық рух беріп,  поэзия   құдіреті   арқылы  қазақ  деген  ұлы  халықтың  болмысы мен  бітімінің  ұлылығын  дәріптеу.

 

 



Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .