Kapshagay.gov.kz

«Ұлы суретші» атты сурет байқауының мәліметі

Главная


 

11 қаңтар күні Қапшағай қалалық кітапханасының «Коворкинг» орталығында Қазақстанның халық суретшісі Ә.Қастеевтің туғанына 115 жыл толуына орай  «Ұлы суретші» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашы Г.Мукилова  халық суретшісі Ә.Қастеевтің өмірі мен ерекше дарындылығы туралы әңгімелеп берді.
Байқауға «Балалар шығармашылық орталығының» 10 оқушысы  «Меңім елім», «Туған жер», «Астана - бас қала» және т.б. тақырыпта суреттер салып, байқауға қатысты. Балалар жұмыстарын «Балалар шығармашылық орталығының» ұстазы Сарайбай Ахметжан Ұзанкұлұлы, қалалық кітапхананың бөлім меңгерушісі Д.Жолымбетова бағалап, қатысушылардың шығармашылық ізденістеріне тілек білдірді.
Байқау нәтежесінде 1-орынды орта мектеп гимназиясының 9 «Ә» сынып оқушысы Алтай Саяжан Жарасқызы,  2-орын Д.А.Қонаев атындағы мектептің 8 «А» сынып оқушысы Серіккан Жаным Амантайқызы, 3-орынды
орта мектеп гимназияның 5«Г» сынып оқушысы Кәрімулла Диана иеленді.
Шара соңында жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, қатысушыларға кітаптар сыйлады.
Қатысушылар саны 13 адам,көрмеге қойылған әдебиеттер саны – 11.
Өткен шара «Қазақстан» ұлттық арнасынан көрсетілді.



Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .