Kapshagay.gov.kz

«Жыр–дария» атты ақын бенефисі туралы мәлімет

Главная


 

21 қаңтар күні қалалық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жыр – дария» атты ақын, Халықаралық Жазушылар Одағының, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Алтыншаш Жұманқызы Жақиянованың бенефисі болып өтті. Алғы сөзді бастаған қалалық кітапхананың директоры Н.Кенжебекова мерейтой иесін құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Кешті жүргізген бөлім меңгерушісі Д.Жолымбетова ақын тұлғасын «Жырларым менің сөйлесін», «Ақын туралы сөз» (ақын туралы белгілі ақын-жазушылардың пікірлері), «Біз білетін және «білмейтін» Алтыншаш», «А.Жақиянова нені ұнатады?», «Ақын деген бір бұлақ», «Ақын шығармашылығындағы балалар әлемі», «Әнге айналған өлеңдері»  тақырыптарында жеткізе білді. Жыр кешінде ақынның қаламдас замандастары Жұмахан Қожамқұлов, Берік Баилов, Зарыққан Есілбаев, Айжарық Көптілеуовпен қатарқалалық білім бөлімінің жетекші маманы Аршагүл Ахметова, «Әжелер» ансамблі, Д.Қонаев атындағы №1 орта мектептің ұжымы жүрекжарды тілектерін білдірді.Ақынның 60 жылдығына арналған кеште өлеңдері оқылып, сөздеріне жазылған әндер шырқалды.Кеш барысында ақын өз өлеңдерін көпшілік қауымға ұсынды. Жиылған жұрт жүректі жарып шыққан жырларды ерекше ықыласпен тыңдады.Шарада өнер көрсеткен32363 әскери бөлімнің қызметкері Абдырахманов Шыныбек Абдырахманұлы («Қазақтың Қонаевы»),қала әкімі аппаратының жетекші маманы, ақынның сүйікті қызы Жаннұр Жақиянова («Ұлыма»), орта мектеп гимназияның музыка пәнінің мұғалімі Медет Ерғалиұлы Кулекеев, 5 «Б» сынып оқушылары Қантбек Дариға, Исатаева Ақмарал ақынның сөзіне жазылған әсем әндерді орындап, көрермен қошеметіне ие болды.Тағылым, тәрбие беретін балаларға арнаған ақынның өлеңдерін «Гүлдер» балабақшасының бүлдіршіндері, кештің кішкентай қатысушысы Аңсар Ахметов, «Умка» балалар орталығының балдырғандары жатқа айтып, үлкен әсер қалдырды.
Шарада оқырмандар назарына слайд көрсетілімі мен «Қапшағайдың ақиық таланты» атты кітап көрмесі ұсынылды.


Д.Жолымбетова, бөлім меңгерушісі

 



Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .