Kapshagay.gov.kz

«Әдебиет өнерінің мақтанышы» 25 желтоқсан – жазушы Х.Есенжановтың туғанына 110 жыл

Главная


 

Жас ұрпаққа қазақ прозасының  негізін қалаушыларының бірі жазушы Х.Есенжанов туралы, оның  өзіне  лайықты бағасын алған туындыларының тарихы туралы мәлімет беру, жастарды отансүйгіштікке баулу, рухани азықтандыру мақсатында Қ.Жалайыр атындағы №6 орта мектептің 8 сынып оқушылары мен кітапхана оқырмандарының қатысуымен, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» бағыты бойынша 25 желтоқсан күні жазушы Х.Есенжановтың туғанына 110 жыл толуына орай Шеңгелді ауылдық кітапхана ұжымы «Әдебиет өнерінің мақтанышы» тақырыбында құрмет көрмесін ұйымдастырды.
Құрмет көрмесіне жазушының «Көп жыл өткен соң», «Публистикалық мақалалар», «Әңгімелер мен мақалалар», «Ақ жайық», «Ағайынды Жүнісовтер», «Жүнісовтер трагедиясы» т.б. кітаптары қойылды.
Құрмет көрмесі №6 орта мектебінің 8 сынып оқушылары мен кітапханаға келген оқырмандар назарына ұсынылып, жазушының өмірбаяны, өмір жолы туралы қысқаша мәліметтер айтылып, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды.
Көрмеге қойылған кітаптар саны – 17, қатысқандар саны – 15

 



Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .