Kapshagay.gov.kz

«Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың»

Главная



14 желтоқсан күні Қапшағай қалалық кітапханасы 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Қапшағай Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы Г.Мукилова библиографиялық шолу өткізді. Көрмені қала тұрғындары, қонақтар, жастар тамашалады. Кітап көрмесінде оқырмандарға өткен тарихымызды таразылап, еліміздің Тәуелсіздікке жету жолында жасаған үлкен қадамдары, өнегеге толы ерлік істеріне баға беретін «Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы», «НовейшаяисторияКазахстана», «Нұрсұлтан Назарбаев - Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы», «Мәңгілік ел», Ә.Кекілбайұлының «Азаттықтың ақ таңы», «Тәуелсіздік дәуірі», С.Исаевтың «Ұлы дала перзенті», «Летописьнезависимости» т.б. кітаптар таныстырылды
Көрменің мақсаты: еліміздің Тәуелсіздігінің тарихы, күні бүгінге дейінгі жетістіктері мен қарқынды дамуы туралы әдебиеттермен таныстыру, оқырмандардың еліне деген құрметі мен сыйластығын қалыптастыру.
Шараға қатысқандар саны – 35, көрмеге қойылған әдебиеттер саны – 42.



Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .