Kapshagay.gov.kz

«Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың»

Главная


 

13 желтоқсан күні Қапшағай қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жастар» ресурстық орталығының қатысуымен еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жылда ғасырлар байы найзаның ұшымен, білектің күшімен, еліміздің ерен ісімен, дүр сілкіндірген «Желтоқсан» оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріппен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» атты дөңгелек үстел өтті.
Шараға сол Тәуелсіздікке жету жолында Желтоқсан оқиғасының бел ортасында көппен бірге алаңға шыққан ел ардақтысы Байсаринова Гүлмира Қайыртайқызы, Алматы облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері, студенттер мен оқушылар қатысты.
Шарада арнайы бейне ролик көрсетіліп, шараның құрметті қонағы Г.Байсаринова алғашқы құттықтау сөз сөйледі.
Сонымен қатар, Қапшағай қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен қараша айында өткен қалалық байқау жүлдегерлері Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп оқушылары Желтоқсан көтерілісінен қойылым ұсынды.
Шара соңында 2 полиция батальонын взвод командирінің көмекшісі, әрі бөлімше командирі полиция старшинасы Ержан ВалиұлыГайвель мен Қапшағай қалалық кітапханасының директоры Кенжебекова Назым Халелқызы құттықтау сөз сөйлеп, оқушылар мен қызметкерлерді марапаттады.



Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .