Kapshagay.gov.kz

Дін және діни экстремизм

Главная



12 қыркүйек күні Қапшағай қалалық кітапханасының Шеңгелді ауылдық кітапхана филиалы мен мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Дін және діни экстремизм» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Шеңгелді ауылының бас имамы А.Қанатұлы шақырылып, №6 орта мектептің оқушыларына құнды мәліметтер мен керек кеңестер айтты.
Шараны кітапхана меңгерушісі А.Актанова алғы сөзбен ашып, шара қонақтарына Ислам діні туралы түсініктер айтып, арнайы дайындалған слайд көрсетілімін ұсынды. Слайдта әлемдегі діндер туралы, оның ішіндегі теріс ағымдар туралы, қазақ еліндегі жат секталар туралы көрсетілді.
Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі А.Алиева «Діни экстремизм» тақырыбында баяндама оқып, отансүйгіштікке, отбасын қорғауға, жақсылық жасауға шақырды.
Шара соңында «Дінде экстремизмге жол жоқ» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасалынып, шара қорытындыланды.



Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .