Kapshagay.gov.kz

Менің сүйікті қалам

Главная


 

     07 қыркүйек күні Қапшағай қалалық кітапханасы, Жастар ресурстық орталығы мен Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қалалық кітапханада қала туралы мәнерлеп оқудан Қапшағай өңірі жастары арасында "Менің сүйікті қалам" атты қалалық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, талантты жастарды жан-жақты көтермелеу болып табылады. Екі кезеңнен тұратын байқауға кітапхананың тұрақты оқырмандары, әрі кітапхана жанындағы "Мөлдір бұлақ" клуб мүшелері қатысты. Байқаудың қазылар алқасы Қапшағай қаласының ақыны, халықаралық жазушылар одағының мүшесі А.Жақиянова және Қапшағай қалалық кітапханасының директоры Н.Кенжебекова болды.
Оқушылар бар мүмкіншілігі мен ынтасымен дайындалды. Байқау жеңімпаздары: 1 орынды екі үміткер, 3 орта мектебінің 7 сынып оқушысы-ЖансеркеноваАнель, және Д.Қонаев атындағы 1 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қалиахметов Талант бөлісіп, 2 орынды Д.Қонаев атындағы 1 орта мектебінің 4 сынып оқушысы -Мұратбек Ерлан, 3 орынды 2 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Файзун Амалия жеңіп алды.



Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .