Kapshagay.gov.kz

«Көркем сөздің құлагері»

Главная


 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалы мақаласы аясында 20 қыркүйек күні Қапшағай қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхананың «Коворкинг» орталығында жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты Оралхан Бөкейдің туғанына 75 жыл толуына орай «Көркем сөздің құлагері» атты әдеби композиция өтті.
«Оралхан өзі туған табиғатына ұқсас еді. Алтайдай асқақ, оның оқ жетпес құзар шыңдарындай биік еді! Заңғар тауларынан құлап аққан өзендеріндей тасқын еді. Тауларының сілемдерін жайлаған ерке еліктеріндей елгезек еді. Өркеш - өркеш тастарындай ірі еді. Қалам сілтеген алыптардың бірі еді. Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді»-депҚазақстанның Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтің жазушы туралы айтқан ойы оның әдебиетте алар орнын айқындап берді.
Жазушы туралы айтқан пікірлер мен оның өнегелі өмірі, шығармашылығы туралы кітапханашы Ж.Нуптиева баяндама жасады.Оқырмандардың ерекше қызығушылығын тудырған жазушының«Қайдасың қасқа құлыным» атты повесін №3 орта мектептің 10-сынып оқушысы Жансеркенова Әнел үзінді оқып, қысқаша әңгімелеп берді.
Шараны қорытындылай келе,  кітапханашы жазушының «Кербұғы» атты шығармасындағы Оралхан Бөкей өзінің шеберлігін барынша аша алған, өзінің болмысы да Кербұғы секілді паң екенін көрсете алған, сол сияқты бұл дүниеге ғашық екенін жеткізе алған, табиғи болмысы өнер үшін жаратылғанын оқырмандарға түсіндірді.
Шараға қаланың №1, №2, №3, №4 мектеп оқушылары, «Қапшағай қаласының жастар ресурстық орталығының» мүшелері, кітапханашылар, барлығы 18 адам қатысты.

 



Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .