Kapshagay.gov.kz

«Қазақ әдебиетінің жауһар туындылары» атты әдеби кеш

Главная


 

2018 жылдың 24 қыркүйек күні «Қапшағай қаласының қалалық кітапханасы» КММ-нің Заречный ауылындағы №2 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен ауылдық кітапханада «Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясы және Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ әдебиетінің жауһар туындыларын» атты әдеби кеш өтті.
ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының, ҚР Кітапханашылар Ассоциациясының бастамасымен 2007 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Бір ел – біркітап» акциясының биылғы жыл таңдаулары: Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» және НематКелімбетовтың «Үміт үзгім келмейді».
Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, тарихи – мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелікке тәрбиелеу, оқырмандарға жазушы өмірінен мәліметтер беру, көркем шығармаларды оқу арқылы әңгіменің құндылығын таныту мақсатында ұйымдастырылған шараға Заречный ауылындағы №12 орта мектептің 8- сынып оқушылары қатысты.
Кітапханашы Т.Умирова «Бір ел - бір кітап» акциясының шығу тарихына тоқталып, қатысушыларға әдебиет әлеміндегі шоқтығы биік жазушылардың өмірі мен шығармашылығын әңгімелеп берді.
Оқырман назарына «Шынайы талант иелері» атты слайд көрсетілімі ұсынылып, шара соңында оқушылар жазушылардың туындыларынан пікір алмасты.
Шараға 25 адам қатысты.



Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .