Kapshagay.gov.kz

Коворкинг орталығын ашу

Главная


 

4 шілде күні еліміздің бас ордасы – Астана қаласының  20 жылдығына орай Қапшағай қалалық кітапханасында «Нұр Отан» партиясы Қапшағай қалалық филиалы мен қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен коворкинг орталығы ашылды.Коворкинг орталығы - «Нұр Отан» партиясының игі жобаларының бірі.Мұнда жастар түрлі форматтағы іс-шараларды өткізуге,кітап оқып, өз ойларымен бөлісуге, қызықты кездесулер ұйымдастыруға болады. Орталықтың ашылуына «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары С.Нұрқадыров, «Нұр Отан» партиясы Қапшағай қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Нұрпейісов,Қапшағай қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнің басшысы Б.Шәйкенова, Қапшағай қаласының мәслихат депутаты Е.Қашағанов, танымал ақын А.Жақиянова қатысып, тілектерін білдірді. №3 орта мектептің жанындағы лагерь  оқушылары коворкинг орталығының алғашқы пайдаланушылары болды.



Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .