Kapshagay.gov.kz

Шағын несие беру — жұмыспен қамтуды арттыру құралы ретінде

Главная


Бағдарлама шарттарына сәйкес, шағын несиелер бизнес жобаларын республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен, ауылдық елді мекендерде, моноқалаларда, шағын қалаларда және қалаларда іске асырушы немесе соны жоспарлап жүрген азаматтарға беріледі. Бағдарламаның «Бастау–Бизнес» жобасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификаты бар (бизнес жобаларды қорғау кезеңіне жіберілгендерге) қатысушыларына несие/шағын несие алуға басым құқық беріледі.
Бағдарлама қатысушылары — халықты жұмыспен қамту орталықтарына тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен өнімсіз жұмыспен қамтылғандар, жаңадан бастаушы және бұрыннан келе жатқан кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың зейнет жасына жетпеген мүшелері, зәкірлік кооперация қатысушыларын қоса алғанда шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар.
Бағдарлама қатысушысына шағын несие алу үшін қойылатын міндетті шарттардың бірі — оның салық органдарында тіркелуі.
Жеке ісін бастағысы келетіндерге 8 мың АЕК (19 млн тг) көлемінде, жылдық 6% мөлшерлемемен, 5 жылға дейінгі мерзімге жеңілдікті шағын несие беріледі, ал мал шаруашылығы саласындағы жобаларға — 7 жылға дейін беріледі. Бағдарламаға 2018 жылдан бастап қайтарымсыз негізде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 100 АЕК көлемінде мемлекеттік гранттар берудің жаңа құралы енгізілді.

 


  Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .