Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласы бойынша 2019 жылы 12 наурызда өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкесі туралы ақпарат

Главная



«Қапшағай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың  12 наурызында Қапшағай аймағындағы жұмыссыздарға  арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.
Жәрмеңкеге қаладағы кәсіпорындар, мекемелердің басшылары мен кадр бөлімінің қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер шақырылды.
Өткізілетін жәрмеңке туралы хабарландырулар алдын –ала көрнекті жерлерге  ілінген, жергілікті «Sni kompany» телекомпаниясынан жүгіретін жолдар арқылы хабарландырулар жарияланған.
Жәрмеңкеге Қапшағай аймағынан барлығы 31 мекемелер мен кәсіпорындардың өкілдері қатысты: «Қапшағай су кубыры» МКК, «Қапшағай АТО» ЖШС, ,№1 ОМ, №1 Д.Қонаев атындағы орта  мектебі, №2 орта мектебі, № 2 гимназиясы,№3 орта мектебі, №4 орта мектебі , №5 орта мектебі және №11 орта мектебі, «Іле су жолдары кәсіпорыны» РМҚК, «Қапшағай қалалық ауруханасы» МКК,  «Қапшағай көпсалалық колледжі», «Маревен Фуд Тянь Шань» ЖШС-і, «Балдәурен» , «Нұр бөбек», «Искорка» бала бақшалары, т.б.
Жұмыссыз азаматтар ішінен жәрмеңкеге 130  адамнан аса қатысып, 62 бос жұмыс орындары көрсетілді: кадр бөлімінің инспекторы-1, аула сыпырушысы – 1, автослесарь – 1, жүргізуші – 2, сұраптаушы – 1,  ресепшен – 1, аспазшы – 1, еден жуушы – 3, мұғалімдер – 24, есепші – 4, тәрбиеші -2,  дәрігерлер – 3, медсестра – 2, жұмысшылар-5 және т.б.
Тұрақты жұмыс орнына 8 адамға жолдама берілді, олар : «Аям» ЖШС-на - 4 адам жүк тасушы, № 4 орта мектебіне - 1 адам ағылшын тілінін мұғалім, № 2 гимназияға - 1 адам ағылшын тілінін мұғалімі , «Қапшағай жылу» МКК-на -1 адам слесарь, «Қапшағай су құбыры» МКК-на – 1 инженер.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету»  бірінші бағыт шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға Қапшағай көпсалалық колледжіне тігінші, кондитер, аспазшы, электрогазосварщик, электромонтер, шаштараз, тракторист және монтажник, кран және экскаватор машинисі мамандықтар бойынша оқуға «МО-25» ЖШС-да «Мостовик» оқу орталығына 85 адам жазылып сәуір айынан бастап жіберіледі.
Жәрмеңкеге қатысушылар арасынан қоғамдық жұмысқа –14 адам   сәуір айынан бастап жіберіледі. Жастар практикасын өтуге тігінші, заңгер, энергетик, 2 қаржыгер 5 адам ниет білдірді. Олар сәуір айынан бастап мекемелер мен кәсіпорындарға жіберіледі.
Жәрмеңке барысында, болашақта жұмысқа орналастыруға ықпал ету мақсатында 49 жұмыссыз адамдардың түйіндемелері қабылданды.
Жұмыспен қамту
орталығының директоры                                                            Р.Ахметова

 


  Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .