Kapshagay.gov.kz

Жастар тәжірибесі-өмірге жолдама

Главная


 

Толеубеков Мадияр Дауленұлы 2017 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «техник және технологиялар» мамандығы бойынша бітірді. 2018 жылдың 01 наурыз айында  Қапшағай қалалысының халықты  жұмыспен қамту орталығына  жүгінді. Оған дейін мамандығы бойынша тәжірибе алмаған, сол себептен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған»  бағдарламаның үшінші бағыты «халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту»  жастар практикасына 2018 жылдың 19 наурыз айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Қапшағай қалалық бөліміне жіберілді. Тәжірибе өту барысында техникалық қауіпсіздік талаптарын орындауын қадағалап, өз білім-біліктілігін көрсетіп,  2018 жылдың 05 қараша айынан бастап сол мекемеге маман ретінде  жұмысқа қабылданды.

 


  Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .