Kapshagay.gov.kz

100 қапшағайлықтар жаңа кәсіптерді тегін үйренуде

Главная


 

 

   «Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған » бағдарламасының  шеңберінде жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, сондай-ақ 16-29 жас аралығындағы жастар наурыз айында қысқа мерзімді курстарда оқу бастайды.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту 1 наурыздан Қапшағай көпсалалық колледжінде тігінші, кондитер, аспазшы, электрогазосварщик, электромонтер, автослесарь, шаштараз, тракторист мамандықтары бойынша басталады. «Монтажник, кран және экскаватор машинисі» мамандықтар бойынша оқу «МО-25» ЖШС-да «Мостовик» оқу орталығында болады. Қатысушыларға ай сайынғы төленетін шәкіртақы -16759 теңге, Бағдарлама қатысушыларына  оқу кезінде жол жүруге арналған  материалдық көмек оқудың барлық кезеңі үшін 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және өзге қалалардан келген тұлғалар үшін 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.

   «Еңбек»-пен жаңа мамандық ал
Құрметті оқырман, егер Сіз зейнеткерлік жасқа жетпесеңіз және жаңа жұмыс орнын іздеп жүрсеңіз, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы (ары қарай – Бағдарлама) бойынша жаңа мамандыққа оқып алуды ұсынамыз. Мақсаты – азаматтарды кәсіпкерлік негіздеріне және сұранысы бар мамандықтар бойынша жаппай оқыту. Әрбір, білім алғандардың, бизнеспен айналысуға және жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін кәсіби дағдылары болуы қажет.
    Жұмыс ізденішу жұмыс іздеу үшін Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді, ол жерде оны жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркейді және бос жұмыс орындарын ұсынады. Егер 10 жұмыс күні өткеннен кейін, оған сол уақыттың ішінде жұмысқа орналасу үшін лайықты бос жұмыс орындарын таппаған жағдайда, кәсіптік бағдарлау бөліміне барып оқу үшін мамандықты таңдауға тестілеуден өту қажет.

   Әрі қарай, екі қарапайым қадам жасаңыз. Біріншіден, Халыққа қызмет көрсету орталығында немесе Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелу қажет. Екіншіден, үміткер келесі құжаттардың көшірмелерін өткізуі қажет: 1) жеке куәлік; 2) еңбек кітапшасы (бар болған жағдайда); 3) білім туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом), сонымен қатар білімін растайтын құжат (куәлік, сертификат) бар болған жағдайда; 4) 086-У нысаны бойынша денсаулықтың жағдайы туралы анықтама.
    Жоғарыда көрсетілген құжаттар тізімін өткізгеннен кейін, Сіз автоматты түрде қалалық комиссияның қарастыруына жіберілетін тізімге енгізілесіз. Сізді қалалық комиссияның шешімі бойынша қысқа мерзімді курстарға жібереді. Бағдарламаға қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту тәлімгерлікпен дуальды оқыту элементтері бар білім беру ұйымдарында оқытылады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшелігіне қарай бір айдан алты айға дейінгі мерзімді құрайды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқу білім беру ұйымы әзірлеген және жұмыс берушілермен және «Атамекен» ӨКП-мен келісілген білім беру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
   Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды өткізу үшін білім беру ұйымдарының тізбесін, біліктіліктер, дағдылар тізбесін және білім беру ұйымдары, біліктіліктер, дағдылар бойынша орындарды бөлуді облыстық деңгейдегі білім беру және халықты жұмыспен қамту саласындағы жергілікті атқарушы органдардың және «Атамекен» ӨКП-нің ұсыныcы бойынша өңірлік комиссия айқындайды.

 


  Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .