Kapshagay.gov.kz

Ақпараттық – түсіндіру тобының жұмыс жүргізуі

Главная


 

 

  Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында   «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының  және 2019 жылдан бастап қолданысқа енген Біріңғай жиынтық төлем (ЕСП)  мәселелерін түсіндіру ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жалғасуда.


Халық арасында ақпараттандыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары  С.Нұрғазиевтің, «Қапшағай қаласының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.Аққойшымен, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының қатысуымен жиын өтті.     Жиналысқа шақырылған   «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Алматы филиалының менеджері Е.Үсенбек пен  «Қапшағай» кредиттік серіктестігі» ЖШС-ның басқарма төрағасы Г.К.Дюсембинова шағыннесие беру қағидаларын және шарттарын қатысушыларға түсіндірді.
 Сонымен қатар, жиналысқа тәжірибе алмасу мақсатында, Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Е.Қ.Кеңесбековтің басшылығымен бір топ делегация қатысып, Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығының жұмыс-тәртібімен таныстырылды.            
Берілген сұрақтарға жауап беру, жалпы талқылаулар болды.

 


  Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .