Kapshagay.gov.kz

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында кездесу өтті

Главная



 «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі»  мемлекеттік мекеменің  басшысы Н.Аққойшы және «Қапшағай қаласы әкімдігінің халықты  жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекеменің  директоры Р.Ахметова бастауларымен  24- 25 қаңтар аралығында Қапшағай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, Қапшағай қалалық аурухана өкілдерінен құралған бір топ азаматтар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы», міндетті әлеуметтік сақтандыру мен бірыңғай жиынтық төлем бойынша Заречный және Шеңгелді ауылдық округінің Сарыбұлақ, Кербұлақ, Шеңгелді, Арна ауыл тұрғындарының қатысуымен кездесу өткізілді.         Аймақтағы іске асырылып отырған мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттары туралы түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Қысқа мерзімді оқуларына, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесіне, қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды және өзін-өзі қамтығандарды жұмысқа орналастыру, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар мен шағыннесие беру және жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бейресми жұмыспен қамтылғандарды тіркеуді оңайлату және олардың қызметін заңдастыру үшін 4 төлемді біріктіретін арнайы салық режимін — Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) енгізу ұсынылады. БЖТ төлеу заңсыз қызметін тіркеуге де, сондай-ақ міндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыру, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді.
Тұрғындар өз тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап алды.

 

 


  Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .