Kapshagay.gov.kz

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай жиынтық төлемі енгізілді

Главная



 «Бірыңғай жиынтық төлемі  – салық органдарына тіркеудің оңтайландырылған тәртібі. Оны төлеу өз қызметін ғана емес, міндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді. Тиісінше, азаматтар тегін медициналық көмек ала алады, мүгедектігі, жұмыс істеу қабілетінен, асыраушысынан айырылу, жүктілік және босану, бала асырап алу немесе 1 жасқа дейінгі  бала күтіміне әлеуметтік төлемдер алуға, сондай-ақ еңбек өтіліне қарай – зейнетақы төлемін алуға мүмкіндік береді.
Аталған төлем табыс алу мақсатында жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбау,  жеке тұлғалар үшін жұмыс істеу, қызмет көрсету,  жеке тұлғалардың тұтынуы үшін жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерін сату сияқты шарттарды сақтауға тиіс жеке тұлғаларға қолданылады. Азаматтардың басқа санаттары үшін салық пен әлеуметтік төлемдерді төлеудің ағымдағы тәртібі сақталады.
Төлеушілерге ыңғайлы болу үшін БЖТ мөлшері белгіленді, яғни әр түрлі әлеуметтік қорларға жарналар сомасын дербес есептеуге міндетті емес. Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда – 1 АЕК  (2019 жылы –  2 525 теңге), басқа елді мекендерде – 0,5 айлық есептік көрсеткіш (2019 жылы – 1 263 теңгеЗаңның екіші жаңашылдығы «жұмыспен қамтылған адам» және «өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам» жұмыспен қамтылған халыққа жататындардың санаттарын айқындайды.

 


  Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .