Kapshagay.gov.kz

Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы

Главная


«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Қапшағай қаласы бойынша - 40 адамға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру жоспарланған.
            Бағдарламаға қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды беру шарттары
Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде беріледі (240 500 тенге).
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар қаражаты қажетті инвентарьды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды сатып алу үшін нысаналы мақсатта пайдаланылады.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредит қарыздарын өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдердің өндірісіне берілмейді.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар Бағдарламаға қатысушыларға бір рет беріледі.
Бағдарламаға қатысушылардың жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алуы үшін мыналар:
1) олардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркелуі;
2) «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының жанындағы комиссияның оң шешімінің болуы;
3) Бағдарлама шеңберінде оқуды аяқтағаны және бұрын өтеусіз және қайтарымсыз негізде, салалық шектеусіз жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылық қолдау алмағаны туралы құжаттың болуы міндетті шарттар болып табылады.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алуға үміткер Бағдарламаға қатысушы (немесе оның нотариат куәландырған сенімхат бойынша өкілі) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алу үшін тұрғылықты тұратын жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алуға өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат, ал оралмандар үшін – оралман куәлігі (салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасы ұсынылады);
3) кәсіпкерлік субъекті болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (куәліктің көшірмесі)/дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі;
4) әзірленген бастапқы бизнес;
5) кәсіпкердің Бағдарлама шеңберінде оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) кәсіпкердің атынан өтініш беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға куәландырған) көшірмесі;
7) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы).

 

Қапшағай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының
мекен-жайы :  1 шағынаудан  41 үй, 7 кабинет ,   тел: 4-07-81, 5-05-21

 


  Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .