Kapshagay.gov.kz

Өңіраралық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Главная


Қапшағай қаласы, Шеңгелді ауылдық округінде «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында Павлодар облысына ерікті қоныс аудару және бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында негізгі басымдық – еңбек нарығын жаңғырту деп атап көрсетті.
Ағымдағы жылдың 19 шілдесінде Павлодар облысынан ерікті қоныс аударуды түсіндіру бойынша жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар облыстағы бос жұмыс орындарын ұсыну мақсатында арнайы делегация келді. Делегация құрамындағы Павлодар облысының Мичуринск районының округ әкімі, Май, Кашыр аудандарының жұмыспен қамту орталықтарының директорлары және Павлодар облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көші-қон бөлімінің басшысы арнайы келіп қатысты.
Кездесу барысында Павлодар облысындағы 700 – ден астам бос жұмыс орындарын ұсынып, бағдарламаның тетіктерін түсіндірді. Жәрмеңке барысында Павлодар облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көші-қон бөлімінің басшысы Меруерт Сейтбекқызы қоныс аударушыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекті кеңінен түсіндіріп өтті.

 

 


  Қапшағай қаласының жұмыспен қамту орталығы» ММ


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .