Kapshagay.gov.kz

«Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ 2020 жылғы I тоқсанындағы атқарылған жұмыстары АҚПАРАТ

Главная



«Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ   атқарылған жұмыстарды 2020 жылдың 1 тоқсанына арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізді.
          Бүгінгі таңда, ауданы 250га болатын Қапшағай қаласының егжей-тегжейлі жобасын түзету бойынша қаулы жобасы дайындалды (әзірлеушісі   «Урбостиль» ЖШС  қала құрылыс-жобалық фирмасы).  Сонымен бірге «5 жылға арналған Қапшағай қаласын   дамытудың кешенді жоспары» жобасы      бөлімге толықтай өткізілді.
«Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің нормалары мен стандарттарына сәйкес,  төрт  мемлекеттік қызмет көрсетеді, мысалы:

  • «Құрылыс және қайта құру жобаларын әзірлеу кезінде (қайта

жоспарлау және жаңарту) бастапқы материалдарды  ұсыну»

  • Эскизді   (жоба) келісу
  • «Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүліктің

мекенжайын анықтауға анықтама беру»

  • «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу)

жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру туралы шешім шығару»

  • Үш мемлекеттік қызмет электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы  бір қызмет Қапшағай қаласының халыққа қызмет көрсету орталығы және көрсетіледі.
  •       2020 жылдың 1 тоқсанында жағдай бойынша бөлімге

  электрондық үкімет порталы арқылы құрылыс және қайта құру жобаларын әзірлеу үшін (қайта жоспарлау және жаңарту)бастапқы материалдарды ұсыну үшін (Е-лицензиялау)  120 азамат жүгінді;  
         - эскиздік жобаны келісу  мемлекеттік қызметтін алу үшін  116 азамат жүгінді;  
Мемлекеттік қызмет көрсетудің 1- кезеңінде «Елді мекен шекарасында жер учаскесін беру»   бойынша, барлығы 27 қызмет көрсетілді;

  • «Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүліктің

мекенжайын анықтауға анықтама беру»  бойынша 279 қызмет көрсетілді.
Қызмет көрсету регламенттерінің бекітілмегеніне байланысты, «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі   жұмыстар кешенін  жүргізуге рұқсат беру туралы шешім шығару» мемлекеттік қызмет бойынша өтініш белгіленген тәртіппен қаралады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық стандарттары қала әкімінің сайтында және «Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі стендтерінде орналастырылған. Сонымен қатар, қызығушылық танытқан азаматтар жұмыс күндері 8(72772)4-21-21 нөмеріне қоңырау шалу арқылы  «Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің маманы арқылы толық ақпарат алуға болады. Бөлім мамандары біздің қала тұрғындарына оңай түсіндіріп, жоғарыда аталған қызметтерді алуға көмектеседі. Бөлімде үш мемлекеттік қызметші бар (басшы, 2 бас маман).
Орындаушылық тәртіпті бақылау үшін, бөлім ай сайын кіріс және шығыс хат-хабарларға мониторинг жүргізеді.
2020 жылдың 1 тоқсанында  104 өтініш қабылданды және қаралды, оның ішінде жеке тұлғалардан – 86 өтініш, заңды тұлғалардан – 18 өтініш.
Жер учаскелерінің таңдау және зерттеу актілері, нұсқаулық сызбалар дайындау және беру туралы қаралған өтініштер саны -69
2020  жылдың  1 тоқсанында  116 объект пайдалануға берілді, оның ішінде  коммерциялық нысан - 8 объект. 
Сонымен қатар, бөлім тұрақты түрде келесі функцияларды орындайды:

  • Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемдекеттік саясатты жүргізу;
  • Қапшағай қаласының аумағында сәулет және қалақұрылысы қызметінің мемлекеттік реттеу әдістерін әзірлеу;
  • Ведомстволық бағыныстағы аумақтың мониторингін жүргізу;
  • Сәулет және қалақұрылыс сұрақтары бойынша әкімдіктің қаулы жобаларын дайындау;
  • «Мекен-жай тіркелімі» АЖ деректер базасын жүргізу;
  • Құрылыстар мен ғимараттардың нысанды мақсатын өзгертуге қорытынды беру ;
  • Және басқалар.

Бөлім бастығы сонымен қатар, әр  сейсенбі және бейсенбі сайын
сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін әкімдік ғимаратының бірінші қабатындағы № 102 кабинетте азаматтарды жеке қабылдау өткізеді. 
Бөлімнің сапасын бақылау үшін, шағымдар мен ұсыныстар кітабы және азаматтарға арналған жәшік бар.
Төртінші тоқсанда «Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ – сі 2020 жылы санақ жүргізу үшін, Қапшағай аймағының картасын жасап, оны тапсырыс берушіге - Алматы облысының статистика Департаментіне жіберді.
Қаланың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында, Қазақстан Республикасындағы «Сәулет қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңының 71-бабының 1,2,3 тармағына сәйкес, әр түрлі кіші және орта бизнес нысандарының иелеріне ғимараттың қасбетін және аймағын көгалдандыруды ретке келтіру қажеттілігі туралы 8 хабарлама жіберілді.
Салынып жатқан объектілерді бақылау кезінде бөлім мамандары рұқсатсыз салынып жатқан 4 объектіні анықтады, бөлім «Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ – не хаттар жіберді.  
«Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ     2020 жылдың 1 тоқсанында, қала әкімінің Қапшағай өңірі тұрғындарымен есептік  кездесуін ұйымдастыруға өз үлесін қосты. Атап айтқанда, облыс әкімі, облыстық әкімшілік өкілдері және инвесторларга арналған жол кестесінің сұлбалық сызбасын, өңірдің даму көрсеткіштері бойынша ақпараттық стенттер әзірленді.
Сонымен қатар, Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасатын «Жаңа Іле» халықаралық туристік орталығы инвестициялық жобаны іске асыру бойынша ақпараттық таныстыру материалдары әзірленді. 
Бөлім бүкіл Қапшағай қаласындағы ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін, сондай-ақ Алматы - Өскемен тас жолы бойында орналасқан жол бойындағы сервис нысандарын жаңарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.   

 

Бөлім    басшысы                               Ж. Ахметжан

 


  Сәулет және қала қүрылыс


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .