Kapshagay.gov.kz

«Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ 2019 жылы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Главная




         Алматы облысының Қапшағай қаласы аймағында, қала құрылысы құжаттамасы келесі елді мекендерде бар:
-Алматы облысы Қапшағай қаласының бас жоспары 2010 жылғы 26 ақпанда № 134 Үкімет Қаулысымен бекітілген;
- Заречный ауылдық округінің егжей-тегжейлі жоспарымен  біріктірілген бас жоспары 2014 жылғы 26 ақпанда Қапшағай қаласының мәслихатының № 29-121 шешімімен бекітілген;
- Заречный ауылдық округінің Арна ауылының, Ақозек, Кербұлақ, Сарыбұлақ, Шолақ ауылдарының, сонымен қатар Шеңгелді ауылдық округінің Қосқұдық стансасы, Бөктер, Құлан-төбе, Тасқұм темір жол разъездерінің жеңілдетілген даму сызбасы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 787 қаулысымен келісілген және Қапшағай қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 42-182 шешімімен бекітілген.
- Шеңгелді ауылының егжей-тегжейлі жоспарымен біріктірілген бас жоспары (Әзірлеуші – 2013 жылы «Сәулет и К» ЖШС), Қапшағай қалалық мәслихатының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 25-104 шешімімен бекітілген.
- «НұрҚұрылыс» ЖШС дайындаған көлемі 1000 га болатын, Қапшағай қаласының егжей-тегжейлі жобасы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 01 қарашадағы № 861 қаулысымен бекітілген.
Бүгінгі таңда, ауданы 250га болатын Қапшағай қаласының егжей-тегжейлі жобасына түзету жұмыстары «Урбостиль» ЖШС  қала құрылыс-жобалық фирмасы  атқарылды.
«Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ қаланың мекемелері мен ұйымдарынан барлық қажетті деректерді жинады.
Қаланың оңтүстік бөлігінде, бас жоспар негізінде жасалған егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында, болашақта көпқабатты әлеуметтік және тұрғын үйлер, білім беру объектілері, бала бақша, кампустар, әкімшілік орталық құрылыстарын салу жоспарлануда.
Жоба, жобалық алаңның 6,7,9,11,13 шағынаудандарға бөлінуін қарастырады және инженерлік коммуникациялық желілерді орналастыру үшін кең көшелер қарастырылған. Бас жоспарға сәйкес, Абай көшесінен жаңа шағынаудандар мен көк шығанаққа дейін көше түсіру жоспарланған.
Сонымен қатар, ауданы 250 га болатын егжей-тегжейлі жобаға демалу аймақтары бар жаңа сауда нысандарының құрылысы қарастырылған, қәзіргі аквапарктан шығысқа қарай Жамбыл көшесіне дейінгі аумақ кіреді. Қапшағай су қоймасы жағалауы бойымен жалғасатын қалалық жағажайдың 2 кезеңін салу, демалушылар мен туристер ағынын жеңілдетуге ықпал етеді.  
Сонымен бірге «5 жылға арналған Қапшағай қаласын  дамытудың кешенді жоспары» жобасын дамыту туралы бастапқы мәліметтерді жинау жұмыстары жүргізілді, және «Урбостиль» ЖШС жобалау мекемесіне толықтай өткізілді.
Кешенді даму жоспарының мақсаты – инженерлік, көлік пен әлеуметтік қызметтермен жыл сайын ықшам дамуды жоспарлай отырып, 5 жылға қала аумағын дамытудың жағдайын жасау. Жоспар, Нұр-Сұлтан қаласының даму жоспарымен ұқсастық бойынша қаланы 5 жылға дамыту.
Біз толық көлемде ықшам дамыту үшін жобалық бағыттарды таңдадық: тұрғын үй және азаматтық құрылыс, машина жасау, көлік, әлеуметтік қамсыздандыру.
Қала үшін жасалатын және жоспарланатын жоба (техниклық-экономикалық негіздеме және жұмыс жобалары), олардың жай-күйі, сараптама және құрылыс мерзімі туралы материалдар дайын. Бұл жұмыстарды 2 жыл ішінде аяқтау жоспарлануда.
Қалған 3 жыл ішінде Қапшағай әкімшілігінің әзірленген және бекітілген экономикалық даму стратегиясына сәйкес, қалалық инженерлік жүйелердің құрылысы мен дамуын жоспарлау қажет.
Жобалау алаңының аумақтарды функционалды пайдалануының алдын-ала эскиздері дайындалды.
«Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің нормалары мен стандарттарына сәйкес,  төрт  мемлекеттік қызмет көрсетеді, мысалы:

  • «Құрылыс және қайта құру жобаларын әзірлеу кезінде (қайта

жоспарлау және жаңарту) бастапқы материалдарды  ұсыну»

  • Эскизді   (жоба) келісу
  • «Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүліктің

мекенжайын анықтауға анықтама беру»

  • «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу)

жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру туралы шешім шығару»

  • Үш мемлекеттік қызмет электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы  бір қызмет Қапшағай қаласының халыққа қызмет көрсету орталығы және көрсетіледі.

2019 жылы жалпы сәулет бөліміне мемлекеттік корпорация және электрондық үкімет порталы арқылы құрылыс және қайта құру жобаларын әзірлеу үшін (қайта жоспарлау және жаңарту)бастапқы материалдарды ұсыну үшін (Е-лицензиялау) 570 азамат жүгінді, ал 2015 жылы 60 азамат; 2016ж.-100; 2017ж.-180; 2018ж.-320 азамат тіркелді.
         2019 жылғы 20 желтоқсанға алдын-ала жобаны бекіту үшін мемлекеттік қызметті алу үшін 40 азамат жүгінді, ал 2016 жылы ол 22; 2017 жылы- 90; 2018 жылы -196.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің 1- кезеңінде «Елді мекен шекарасында жер учаскесін беру»  2019 жылы барлығы 76 қызмет көрсетілді, оның ішінде 4 тоқсанда  - 19.

  • «Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүліктің

мекенжайын анықтауға анықтама беру» 2019 жылға 1331 қызмет, оның ішінде 4- тоқсанға 351 қызмет көрсетілді.
Қызмет көрсету регламенттерінің бекітілмегеніне байланысты, «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі   жұмыстар кешенін  жүргізуге рұқсат беру туралы шешім шығару» мемлекеттік қызмет бойынша өтініш белгіленген тәртіппен қаралды.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық стандарттары қала әкімінің сайтында және «Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі стендтерінде орналастырылған. Сонымен қатар, қызығушылық танытқан азаматтар жұмыс күндері 8(72772)4-21-21 нөмеріне қоңырау шалу арқылы  «Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің маманы арқылы толық ақпарат алуға болады. Бөлім мамандары біздің қала тұрғындарына оңай түсіндіріп, жоғарыда аталған қызметтерді алуға көмектеседі. Бөлімде үш мемлекеттік қызметші бар (басшы, 2 бас маман).
Орындаушылық тәртіпті бақылау үшін, бөлім ай сайын кіріс және шығыс хат-хаттарға мониторинг жүргізеді.
2019 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша 530 өтініш қабылданды және қаралды, оның ішінде жеке тұлғалардан - 485 өтініш, заңды тұлғалардан – 45 өтініш.
Жер учаскелерінің таңдау және зерттеу актілері, нұсқаулық сызбалар дайындау және беру туралы қаралған өтініштер саны -307
2019  жылы 20 желтоқсанда 434 объект пайдалануға берілді, оның ішінде 4 тоқсанда - 167 объект. 
Сонымен қатар, бөлім тұрақты түрде келесі функцияларды орындайды:

  • Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемдекеттік саясатты жүргізу;
  • Қапшағай қаласының аумағында сәулет және қалақұрылысы қызметінің мемлекеттік реттеу әдістерін әзірлеу;
  • Ведомстволық бағыныстағы аумақтың мониторингін жүргізу;
  • Сәулет және қалақұрылыс сұрақтары бойынша әкімдіктің қаулы жобаларын дайындау;
  • «Мекен-жай тіркелімі» АЖ деректер базасын жүргізу;
  • Құрылыстар мен ғимараттардың нысанды мақсатын өзгертуге қорытынды беру ;
  • Және басқалар.

Бөлім басшысы сонымен қатар, әр  сейсенбі және бейсенбі сайын
сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін әкімдік ғимаратының бірінші қабатындағы № 102 кабинетте азаматтарды жеке қабылдау өткізеді. 
Бөлімнің сапасын бақылау үшін, шағымдар мен ұсыныстар кітабы және азаматтарға арналған жәшік бар.
Төртінші тоқсанда «Қапшағай қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ – сі 2020 жылы санақ жүргізу үшін, Қапшағай аймағының картасын жасап, оны тапсырыс берушіге - Алматы облысының статистика Департаментіне жіберді.
Қаланың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында, Қазақстан Республикасындағы «Сәулет қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңының 71-бабының 1,2,3 тармағына сәйкес, әр түрлі кіші және орта бизнес нысандарының иелеріне ғимараттың қасбетін және аймағын көгалдандыруды ретке келтіру қажеттілігі туралы 43 хабарлама жіберілді.
Салынып жатқан объектілерді бақылау кезінде бөлім мамандары рұқсатсыз салынып жатқан 10 объектіні анықтады, бөлім «Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ – не хаттар жіберді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде рұқсатсыз салынған 7 нысанның иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
2019 жылы «ВЭС Сарыбұлақ 2» ЖШС «Қуаттылығы 4,5 МВт жел электр стансасының  құрылысы», «Samruk-Green Energy» «100 МВт күн электр стансасының  құрылысы» аяқталды (және т.б). «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС «Тамақ өндірісі зауытын кеңейту», «Атрикс» ЖШС және т.б. жобаларына сәулеттік жоспарлау тапсырмасы алынды және эскиз жобалары келісілді.
Бөлім бүкіл Қапшағай қаласындағы ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін, сондай-ақ Алматы - Өскемен тас жолы бойында орналасқан жол бойындағы сервис нысандарын жаңарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.   
Жол бойындағы сервис нысандарының «Автожуу құрылысы, техникалық жөндеу орталығы, кафе және қонақ үй» алдын-ала эскиз жобасы  әзірленді, жобаның тапсырыс берушісі - Е.Г. Селин болып табылады, (жобаны жасаушы -  «Сәулет және қала құрылысы орталығы» ЖШС) және Алматы облысының қала құрылысы кеңесімен мақұлданған.

 
«Қапшағай қаласының сәулет және
қала құрылысы бөлімі» ММ-нің басшысы                      Ж. Ахметжан

 


  Сәулет және қала қүрылыс


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .