Kapshagay.gov.kz

«Қапшағай қаласы сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ 2019 жылы 1 тоқсандағы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Главная




«Қапшағай қаласының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» сәулет, қалақұрылысы саласындағы функцияларды орындайтын  уәкілетті орган болып табылады. Бөлімнің негізгі міндеттері сәулет және қалақұрылысы саласындағы  бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, Қапшағай қаласының аумағында қызметінің мемлекеттік реттеу әдістерін әзірлеу, ведомстволық бағыныстағы аумақтың мониторингін жүргізу.
Бөлімде мемлекеттік қызметшілердің саны үш штаттық бірлік (басшы, екі бас маман). «Қапшағай қаласы сәулет және қалақұрылыс бөлімі» ММ-сі, регламенттері мен стандарттарына сәйкес 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
- "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру",
- "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну"
- "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру"
- Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу; 
- «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру»
Оның ішінде 4 қызмет Қапшағай қаласы ХҚКО және электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2017 жылы
"Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну 172, электронды үкімет  веб-порталы арқылы – 8  берілді;
Эскизді (жобаны) келісу – 90;
-Жылжымайтын мүлік нысандарына   мекен-жай анықтамаларын беру- 1122;
-«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес, қолданыстағы ғимараттардың үй жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға,қайта жабдықтауға) шешім беру - 6    
2018 жылы
"Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну 320, электронды үкімет  веб-порталы арқылы 22СЖТ берілді;
-Эскизді (жобаны) келісу  196;
-Жылжымайтын мүлік нысандарына   мекен-жай анықтамаларын беру- 924;
-«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге  байланысты емес,  қолданыстағы ғимараттардың  үй жайларын
(жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға,қайта жабдықтауға) шешім беру - 4      
2019 жылдың 1 тоқсанында  «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік қызмет    стандарты бойынша мемлекеттік корпорация арқылы 93,    электронды үкімет  веб-порталы арқылы  –  8  СЖТ берілді;
Эскизді (жобаны) келісу – 88;
-Жылжымайтын мүлік нысандарына   мекен-жай анықтамаларын беру- 296;
«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес, қолданыстағы ғимараттардың үй жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға,қайта жабдықтауға) шешім беру - 1
Барлық мемлекеттік қызметтің стандарттары қала әкімі сайтында орналастырылған. Сонымен қатар мүдделі азаматтар ақпарат алу үшін сәулет бөлімінің мамандарына жұмыс күндері 8/72772/42121 телефоны бойынша жүгіне алады.

 Бөлімде шығыс және кіріс құжаттардың орындалу тәртібін бақылау мақсатында ай сайын мониторинг жүргізіледі.

2017 жылы  тіркелген келіп түскен өтініштердің жалпы саны-  981, оның ішінде жеке тұлға- 894, заңды тұлға-87. Соның ішінде 575 қанағаттандырылып, 386 түсіндіру жұмыстары жүргізілсе,
2018 жылы  тіркелген келіп түскен өтініштердің жалпы саны-  692, оның ішінде жеке тұлға- 611, заңды тұлға-71. Соның ішінде 478 қанағаттандырылып, 189 түсіндіру жұмыстары жүргізілсе,
2019 жылдың 1 тоқсанында  тіркелген келіп түскен өтініштердің жалпы саны- 184 оның ішінде жеке тұлға-  173   заңды тұлға-11. Соның ішінде 158 қанағаттандырылып,  26 түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ,  2018 жылы желтоқсан айында «Қапшағай қаласы сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ-сімен қызмет алушы: жеке және заңды тұлғаларға «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік қызметін онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында) бойынша қала әкімі сайтында түсіндірме жолдары   жарияланды.
Сонымен қатар, Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын ұстану және сапалы орындалуын жетілдіру бойынша, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Қапшағай қалалық  бөлімі қызметкерлерімен 2018 жылғы 30 қазанда дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Бөлім басшысы әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 10-00 ден 12-00 ге дейін азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді.
Бөлімнің атқаратын жұмыстарының сапасын жақсарту және бақылау мақсатында «Шағымдар мен ұсыныстар» кітабы жүргізіледі.
«Қапшағай қаласы сәулет және қалақұрылыс бөлімі» ММ-сі қызметкерлерінің арасында  2018 жылы және 2019 жылдың 1- тоқсанда теріс қылық таныту және тәртіптік жазаға тарту фактілері орын алмады.

 

«Қапшағай қаласы сәулет және

қалақұрылысы бөлімі» ММ басшысы                                           Ж.Ахметжан

 

 


  Сәулет және қала қүрылыс


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .