Kapshagay.gov.kz

Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну

Главная




 Мемлекеттік орган:
«Қапшағай қаласы сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ-сі
Қызметті алушылар:
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
«Электрондық лицензиялау» порталы
«Электрондық үкімет» порталы
Қызмет құны:          Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі:
      сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге – 6 жұмыс күні;
      бастапқы материалдарды алу – 15 жұмыс күні.
Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі:
      сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге – 15 жұмыс күні;
      бастапқы материалдарды алу – 17 жұмыс күні.
Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алуға өтінішті қарау – 15 (он бес) жұмыс күні.
Дәлелді бас тарту – 5 жұмыс күні.
Қызметтің толық атауы
Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну
Қосымша
Мемлекеттік қызметінің стандарты
ЭЦҚ алу
Онлайн сұрау Автоматтандырылған қызмет Баспаға шығару нұсқасы
Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну
Айдар парағына өту

Қызметті алу үшін авторизациялаудан өту немесе тіркелу керек.
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту, осыдан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіру немесе  «электрондық лицензиялау» порталында тіркелу.
  3. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін ашылатын «электрондық лицензиялау» порталының бетінде қызметтің кіші түрін  таңдау және «Әрі қарай» батырмасы бойынша өту.
  4. Қызметтің паспортында құжаттар пакетімен танысу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  5. Қажетті деректерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ қою.
  6. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы -  «Менің хабарламаларым» тарауынан біле аласыз.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлеттік корпорациясы КЕАҚ-тан алу үшін (қажетті құжаттар):
Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алу үшін:

  1. Өтініш.
  2. Жеке басты куәландыратын құжат.
  3. Жобалауға арналған тапсырманың көшірмесі.
  4. Жер учаскесіне құқық беретін құжаттың көшірмесі ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелмеген жағдайда).
  5. Техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы.

Жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшін:

  1. Өтініш.
  2. Жеке басты куәландыратын құжат.
  3. Жобалауға арналған тапсырманың көшірмесі.
  4. Жер учаскесіне құқық беретін құжаттың көшірмесі ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелмеген жағдайда).
  5. Техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы.
  6. Топографиялық түсірілім.

Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алу үшін:

  1. Өтініш.
  2. Жеке басты куәландыратын құжат.
  3. Жобалауға арналған тапсырманың көшірмесі.
  4. Өтініш беруші, өтінішті қарайтын мемлекеттік органдарға құжаттардың түпнұсқалығын салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларды ұсына отырып, өзгертілетін объектіге меншік құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесі, немесе олардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі.
  5. Объектінің меншік иесінің (тең меншік иелерінің) белгіленген өзгеріс пен оның параметрлеріне жазбаша келісімі.
  6. Егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалдық куәландырылған жазбаша келісімі.
  7. Өзгертілетін үй-жайға өтініш иесінің меншік иесінің техникалық паспортының көшірмесі (тұпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады).
  8. Техникалық жоба.
  9. Техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы мен топографиялық түсірілім (қосымша инженерлік және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосу және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда).
  10. Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі (егер реконструкциялау жер учаскесін қосымша бөлуді (кесіп беруді) көздейтін болса) (түпнұсқаны салыстырып тексеру үшін ұсынады) ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелмеген жағдайда;

Қызмет көрсету нәтижесі
Сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттарды, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесін, тік жоспарлау белгілерін, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, реконструкциялауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтауға) ЖАО-ның шешімі немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.

Бөлім   басшысы                                                                                           Ж.Ахметжан

 


  Сәулет және қала қүрылыс


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .