Kapshagay.gov.kz

Қала әкімі мен ауылдық округтер әкімдерінің Қапшағай қаласы және өңір тұрғындарымен есеп беру кездесулерін өткізу кезінде айтылған азаматтардың ұсыныстарын, сыни ескертпелерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалу барысы туралы 2020 жылдың 1 тоқсаны бойынша АҚПАРАТ

Главная


Мемлекет басшысының  «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін  өткізу  туралы» 2016  жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес, әр деңгейдегі әкімдер бірінші тоқсанның ішінде халық алдында жыл бойы атқарған жұмыстары туралы есеп береді.
2020 жылдың қаңтар айында Қапшағай қаласы әкімінің 12 есеп беру кездесулері өткізілді, оның ішінде: қала әкімінің 5, ауылдық округтер әкімдерінің 7 есеп беру кездесулері өтті.
Қала әкімінің және ауылдық округтер әкімдерінің есеп беру кездесулеріне қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қала әкімінің есеп беру кездесулерін өткізу кезінде 17 ұсыныс енгізілді. Олардың ішінде: 2 - жол жөндеу мәселесі, 1 – тұрғын ұй мәселесі жөнінде, 8 – абаттандыру бойынша, 1 –  тұрғын үй коммуналдық саладағы цифрландыру бойынша, 2 – елді мекендерді электрлендіру бойынша, 1 – мәдениет объектілерін жөндеу және салу бойынша, 1 – апатты жағдайдағы үйді бұзу бойынша және 1 – стадион құрылысы бойынша.
Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық ұсыныстардың орындалуы 4 тоқсанға жоспарланған.
Есеп беру кездесулерін өткізу кезінде  айтылған ұсыныстар бойынша іс-шаралар жоспарлары әзірленіп, бекітілді. Сонымен қатар, қала әкімінің ресми сайтына және жергілікті «Нұрлы өлке» газетіне жарияланды.
Арна ауылындағы ауылдық клуб ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы.
Ағымдағы жылдың 19 наурызында «Қапшағай қаласының мәдениет үйі» МКҚК мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялаған. Ағымдағы жылдың сәуір айының соңында жөндеу жұмыстары басталады деп жоспарлануда.
         Заречное ауылдық округінің Заречное ауылында стадион салу туралы.
Заречное ауылында стадион салу бойынша эскиздік жобасы дайын, Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім берілген. Қаражат бөлінгеннен кейін жұмыстар жүргізіледі.
Заречное ауылдық округінің Заречное ауылының көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы.
Арна ауылының Набережная көшесі, Заречный ауылының Тәуелсіздік, Желтоқсан, Садовая және Төле би  көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындау жоспарлануда. Ағымдағы жөндеу жұмыстар «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Жұмыстарды аяқтау 2020 жылдың 3 тоқсанына жоспарланған.
Заречное ауылдық округінің Заречное ауылындағы апатты жағдайдағы үйді бұзу туралы.
Апатты жағдайдағы үйлердің пәтерлерін сатып алуға Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім берілген. Қаражат бөлінгеннен кейін апатты үйлердің пәтерлерін сатып алу жоспарлануда.
Заречное ауылдық округінің Заречное ауылындағы  тұрғын үй құрылысы туралы.
«Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру үшін «Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Заречный ауылдық округі, Заречный ауылында 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылысы» объектісі бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жобалау-сметалық құжаттамаға сараптаманың қорытындысын алу 2020 жылдың 2 тоқсанына жоспарланып отыр.
№3 орта мектептен қалалық ХҚКО-на дейін жаяу жүргіншілер жолын абаттандыру бойынша.
№3 орта мектептен қалалық ХҚКО-на дейін жаяу жүргіншілер жолын абаттандыру бойынша эскиздік жоба жасалынған. Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім берілген. Қаражат бөлінгеннен кейін жұмыстар жүргізіледі.
Қаладағы мектептердің аулаларына абаттандыру жұмыстарын жүргізу туралы.
2020 жылы «Мектеп ауласы» бағдарламасы аясында №3 орта мектеп ауласына және спорт алаңына аббаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жобалық-сметалық құжаттамалары  бар  және  мемлекеттік сараптамадан өткен. «Қапшағай қаласының қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ мемлекеттік сатып алу порталында ағымдағы жылдың 16 наурызында №3 орта мектепте аббаттандыру жұмыстарын жүргізуге  конкурс жариялады.
Шеңгелді ауылдық округінің Шеңгелді ауылының көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы.
Қосқұдық ауылының Алтынсарин, Кербұлақ ауылының Центральная, Шеңгелді ауылының Жамбыл, Кожахан баба-2, Ақөзек ауылының Төле би көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.  Ағымдағы жөндеу жұмыстар «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Жұмыстарды аяқтау 2020 жылдың 3 тоқсанына жоспарланған.
Шеңгелді ауылдық округінің Шеңгелді ауылындағы мектеп стадионына абаттандыру жұмыстарын жүргізу туралы.
Шеңгелді ауылындағы мектеп стадионына абаттандыру жұмыстарын жүргізу бойынша Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім берілген. Қаражат бөлінгеннен кейін жұмыстар жүргізіледі.
Қаладағы «Қарлығаш» шағынауданын электр жүйесімен қамтамасыз туралы.
«Қарлығаш» шағынауданын электр жүйесімен қамтамасыз ету бойынша бүгінгі күнге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жобалық-іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Қаланың 5 ықшамауданының №15 үйінде лифт орнату туралы.
Ағымдағы жылдың сәуір айында қала бойынша 7 үйге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім беру жоспарлануда.
Қалалық аурухана аумағын абаттандыру туралы.
2019 жылдың қараша айында жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланған. Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаз «АйсПроект» ЖШС. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Қаладағы Мостостроителей көшесіндегі аула алаңдарын абаттандыру бойынша.
2019 жылдың қараша айында жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланған. Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаз «АйсПроект» ЖШС. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Қаладағы «Восточный» шағынауданындағы көшелерінің жолын жөндеу туралы туралы.
Қапшағай қаласы, Восточный шағынауданының жолдарына күрделі жөндеуге 2018 жылы жоба-сметалық құжаттама даярланған. Қазіргі уақытта Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасымен мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы анықталғаннан кейін құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады.
Қаладағы апатты жағдайдағы үйлерді бұзу туралы.
Апатты жағдайдағы үйлерді бұзуға қаражат бөлінген, үйлердің пәтерлерін сатып алуға Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім берілген. Қаражат бөлінгеннен кейін апатты үйлердің пәтерлерін сатып алу жоспарлануда.
Қаланың тұрғын үй-коммуналдық саласын цифрландыру туралы.
Бүгінгі күнге «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында Бірыңғай ақпараттық есептеу орталығын модернизациялау жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың мамыр айының соңына дейін жұмыстарды аяқтау жоспарлануда.
Алматы-Өскемен автожолында әскери қалашық тұрғындары үшін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы бойынша.
Қапшағай қаласы, Алматы-Өскемен автомобиль жолы бойына жаяу жүргінші өткелі құрылысына 2019 жылы жоба-сметалық құжаттама даярланған. Қазіргі уақытта Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасымен мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы анықталғаннан кейін құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады.
Ауылдық округтер әкімдерінің есеп беру кездесулерін өткізу кезінде 12 ұсыныс жоспарға енгізілді. Оның ішінде Шеңгелді ауылдық округі бойынша 8 ұсыныс, ал Заречный ауылдық округі бойынша 4 ұсыныс.
Шеңгелді аулындағы Ехнич көшесінің бойындағы қос қабатты көп пәтерлі екі тұрғын үйдің айналасына абаттандыру жұмыстарын жүргізу – 3 тоқсанға жоспарланған.
2019 жылдың желтоқсан айында «Қапшағай Көркейту» ЖШС арқылы Шеңгелді ауылындағы Ехнича көшесіндегі екі қабатты көп пәтерлі үйлерді абаттандырудың сметалық құжаттамасы әзірленген. Ағымдағы жылдың 24 ақпанында Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім берілді. Қаражат бөлінгеннен кейін тұрғын үйдің айналасына абаттандыру жұмыстарын жүргізіледі депжоспарлануда.
Шеңгелді ауылында арық жүйелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы – 4 тоқсанға жоспарланған.
Арық жүйелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша ағымдағы жылдың сәуір айының басында мемлекеттік сатып алу конкурсына беру жоспарлануда. Конкурс нәтижесі анықталғаннан кейін, жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Шеңгелді ауылында заңсыз төгілген тұрмыстық қатты зат қалдықтарының орнын тазалау – 4 тоқсанға жоспарланған.
Ағымдағы жылдың наурыз айының басында «Қапшағай Көркейту» ЖШС арқылы қоқыстарды жою бойынша сметалық құжаттары дайындалды. Ағымдағы жылдың сәуір айында «Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-не бюджеттік өтінім беру жоспарлануда. Қаржы бөлінгеннен кейін тұрмыстық қатты зат қалдықтарының орнын тазалау жұмыстары жүргізіледі.
Сарыбұлақ ауылының көше жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу – 4 тоқсанға жоспарланған.
2020 жылға «Қапшағай қаласының жолаушылар тасымалдау және автомобиль жолдары» ММ-мен Шеңгелді-Сарыбұлақ тас жолынан Сарыбұлақ ауылының Ленин көшесіне дейінгі кіре беріс жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ағымдағы жылдың 18 ақпанында Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім берілген. Қаржы бөлінгеннен кейін жұмыстар жүргізіледі.
Кербұлак ауылындағы мектеп алдындағы автомобиль жолдарына жасанды тежегіштері орнату – 4 тоқсанға жоспарланған.
Округ елді мекендерінде орналасқан мектеп алдындағы автомобиль жолдарына арнайы жасанды жылдамдық тежегіштерін орнату бойынша ағымдағы жылдың 18 ақпанында «Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ-мен облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім берілген. Қаржы бөлінгеннен кейін жасанды тежегіштерді орнатужұмыстары жүргізіледі. 
Ақөзек ауылының көше жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу – 4 тоқсанға жоспарланған.
2020 жылға Ақөзек ауылының Төле би көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ағымдағы жылдың 18 ақпанында «Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ-мен Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім берілген.  Қаржы бөлінгеннен кейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Қосқұдық ауылының көше жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу – 4 тоқсанға жоспарланған.
2020 жылға Қосқұдық ауылының Алтынсарин көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ағымдағы жылдың 18 ақпанында «Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ-мен Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім берілген. Қаржы бөлінгеннен кейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Шеңгелді ауылдық округі тұрғындарының малдарына ветеринарлық іс-шараларды жүргізуге арналған қора-қоршау салу туралы – 4 тоқсанға жоспарланған.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында «Ветеринарлық станция» МКК облыстық ветеринария басқармасына бюджеттік өтінім берілген.
Арна ауылы, Центральная көшесі бойына көшежарықтандыру шамдарын қосу туралы – 4 тоқсанға жоспарланған.
Ағымдағы жылдың 3 тоқсанында демеушілердің көмегімен Арна ауылында Центральная көшесінде көше жарығын орнату жоспарлануда. Демеушілермен келіссөздер жүргізілуде.
Заречный ауылы, шағын аудандағы қоқыс контейнерлерін көбейту туралы – 4 тоқсанға жоспарланған, орындалды.
2020 жылдың ақпан айынан бастап Заречный ауылдық округі бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен «Таза жер» ЖШС-і айналысуда. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 50 контейнердің санын көбейтіп 90 контейнерге жеткізді. Сонымен бірге қоқыстарды бөліп салатын контейнерлар қойылды.
Заречный ауылы, Абай, Мәметова көшелері  тұрғындарына спорт алаңын салу туралы – 4 тоқсанға жоспарланған.
«Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында спорт алаңын салуға Заречный ауылы, Алтынсарин көшесі, №11 «г» жер учаскесі қарастырылып, құжаттары рәсімделуде. Ағымдағы жылдың сәуір айында спорт алаңдарын салу жұмыстарын бастау жоспарлануда.
Арна ауылындағы жаңадан беріліп салынған жер үйлерге газ құбырын тарту жұмыстары туралы – 4 тоқсанға жоспарланған.
2020 жылдың 20 наурызында «Қапшағай өңірінің газ жүйесі» ЖШС-і Арна ауылы бойынша 8 үйді газ құбырына қосып, табиғи газ берілді. Сонымен бірге 40 үй орталық газ жүйесіне қосылуға өтінім берді. Ал, жаңадан берілген жер телімдеріне салынған жер үйлерге газ тарту үшін тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қала әкімінің және ауылдық округтер әкімдерінің есеп беру кездесулері кезінде айтылған азаматтардың ұсыныстары мен ескертпелерін жүзеге асыру  жұмыстары жалғасуда.

 

                                                                                    

.

/17:55 10 сәуір 2020 ж./



Қапшағай қаласының әкімі аппараты


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .