Kapshagay.gov.kz

Хабарландыру

Главная


                         

Құрметті қала қонақтары және тұрғындары!
Қапшағай қаласында 2018 жылғы 3 шілдеде сағат 11: 00-де «City Plus» сауда орталығында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің бастамасымен «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» өтеді.
Жәрмеңкенің мақсаты электронды цифрлы қолтаңбаны насихаттау, мемлекеттік қызметтерді алуда халыққа кеңес және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Жәрмеңкеде қала тұрғындары қызығушылық танытатын білім беру, архитектура, жер және тұрғын үй, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және басқа да өзекті мәселелер бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсынатын қаланың жергілікті атқарушы органдарының білікті мамандары арасында мемлекеттік қызметтер түрлері бойынша консультациялар ала алады.

 


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .