Kapshagay.gov.kz

Ұлы Қоғамдық қабылдау

Главная



«Нұр Отан» партиясы Қапшағай қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесіне әрбір қала тұрғыны өз өтініш-шағымдарымен келуіне болады.  Партияға деген сенімнің нәтижесінде 2016 жылы қоғамдық қабылдау бөлмесіне 190-нан астам азамат өз өтініштерімен келді. Қабылдауға келген азаматтардың көбісі қаламыздың көріктендірілуі мен инфрақұрылымдық дамуына бей-жай қарамайды. Айта кетерлігі, қалалық партия филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесіне жергілікті ПИК-терге тұрғындар тарапынан шағымдар көптеп түседі. Сондай-ақ, кейінгі уақытта баспанасы жоқ азаматтар  тарапынан уақытша тіркелуді Заң аясында кейінге шегеру туралы ұсыныс-өтініштері көптеп түсуде.  Қоғамдық қабылдау бөлмесіне жиі түсетін өтініштер мен шағымдардың мазмұнына тоқталсақ:

  1. Жұмысқа орналасу және айлық жалақыларын өндіру туралы;
  2. Тұрғын үй шаруашылығы сферасы туралы;
  3. Баспанамен қамтамасыз ету туралы;
  4. Әлеуметтік қамсыздандыру немесе материалдық-қаржылық көмекке зәрулік;
  5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жайында және т.б. салалар бойынша.

   Өткен жылы қоғамдық қабылдауға келіп түскен өтініш-шағымдардың 47,3 пайызы оңды шешімін тапса, 45 пайызына толық заңдық кеңестер берілген. Ал, қалған 7,7 пайызы оңды нәтиже бермеді. (Әлеуметтік қамсыздандыру немесе материалдық-қаржылық көмекке зәрулік, баспана мәселесі). 



/11:00 10.02.2017 г./



«Нұр Отан» партиясы


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .