Kapshagay.gov.kz

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Қымбатты қапшағайлықтар!

Главная


 

Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнінің 75-жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Жеңіс күні әрқайсымыз үшін қасиетті әрі абыройлы мереке. Міне, биыл Ұлы Жеңіске - 75 жыл толып отыр. Соғыс жылдары адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғысты бастарынан кешкен қиын кезеңдер болатын. Осындай соғыс кезінде ата-бабаларымыз Отанын қорғауда батылдық танытып, өр мінездерімен ерлік үлгісін көрсетті. Мұндай қайсарлықты жасаған майдангерлеріміздің ерліктері мәңгілік жадымызда қалары анық.
Міне, осындай ардагер бабаларымыз алып берген Жеңіс бүгінгі күні бізді жарқын болашаққа жетелеп, мықты жігерлендіріп, жанымызға қуат береді. Өмір жолындағы қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуыға ынталандырады.
Қымбатты ардагерлер!
Сіздер елімізді жаудан ерлікпен қорғай білдіңіздер. Бүгінгі күні де  даңқты ерлік дәстүрлеріне адалдық пен патриотизм, қаһармандықтың лайықты үлгісі болып келесіздер. Ұлы Жеңіс үшін, өшпейтін Ерлік үшін шынайы көңілден шыққан алғысымызды қабыл алыңыздар!



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .