Kapshagay.gov.kz

Құрметті Отан қорғаушылар!
Қадірлі офицерлер мен сарбаздар!

Главная



   Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
    Мемлекетіміздің қорғанысын күшейтіп, еліміздің тыныштығын сақтауда Қазақстанның Қарулы Күштері аға ұрпақтың ерлігін жалғастырып келеді. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар мен өз еліне шексіз берілгендер де ерекше сондай ілтипатқа ие. Қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы «Өз елін мақтаныш етпеу – сатқындықпен тең» деген. Қастерлі отанымызға қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.
    Бүгінгі ерекше күні Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілеймін!



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .