Kapshagay.gov.kz

Құрметті қапшағайлықтар! Қадірлі жерлестер!

Главная


 

Баршаңызды татулық  пен келісімнің нышаны болған 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз мәлімдемесінде «Қашанда осылай ұлт болып ұйыса білсек, барлық мақсатымызға қол жеткіземіз. Оған ешқандай күмән жоқ.» - деп атап өткен болатын. «Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді біздің халық. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз әлем бетінде тараған індетпен байланысты қиыншылықтарды жеңіп, жаңа экономикалық даму кезеңіне қадам басатынымызға сенімдімін.
Еліміз әрқашан татулық пен қонақжайлықты алға қойған. Ол бізге ежелден қалған асыл қасиет. Мемлекетіміздің басты жетістігі - еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы. Бүгінде Қазақ Елі 130 этнос пен 17 конфессияның өкілдері үшін туған Отанына айналды. Осындай достықта Қапшағайда бүгінгі күні 30-дан аса ұлт өкілі, жалпы 62 мыңға жуық халық жарасымды өмір сүруде. Оның ішінде 64,7% қазақтар, 28,2% орыстар, 2,2% кәрістер және 5% өзге ұлт өкілдері.
Қаламызда - корей, славян, ұйғыр этномәдени бірлестіктерінің өз жұмыстарын кеңінен атқарып, ағартушылық жолында тамырын тереңге жайып келеді.
Міне, осындай ауызбірліктің арқасында Қапшағай қаласында қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық қалыптасты. Бұл біздің ең маңызды байлығымыз! Ол жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз.

 

Құрметті жерлестер, қадірлі достар!
Еліміздің бірлігі мерекесінде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Береке - бірлігіміз арта берсін, ағайын!

 


 







Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .