Kapshagay.gov.kz

Рухани жаңғыру

Главная


Қапшағай қаласының 50 жылдығы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында Еңбек және мемлекеттік қызмет ардагері, Қапшағай қаласының құрметті азаматы Әкіш Тоқтар Әкішұлының 75 жасқа толуына орай «Туған өлке ардақтысы» атты бенефис
Мәліметі

 

Қапшағай қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен 23 қаңтар күні қаланың 50 жылдығы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында Еңбек және мемлекеттік қызмет ардагері, Қапшағай қаласының құрметті азаматы, тіл жанашыры Әкіш Тоқтар Әкішұлының 75 жасқа толуына орай «Туған өлке ардақтысы» атты бенефисі өтті. Шараның мақсаты Қапшағай өлкесінде ойып тұрып орын алатын, елі мен жеріне қызмет етіп, өркендеуіне зор үлес қосқан  еңбек ардагерінің ерен еңбегін жас ұрпаққа насихаттау, жастардың бойына патриоттық тәрбие ұялату. Шараны Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары  Сағдат Шатанұлы Нұрғазиев қала әкімі Т.Қ.Қайнарбековтың  атынан дайындалған арнайы құттықтауымен  ашып, арнайы сыйлығы табысталды.  Кітапхана қызметкерлері Тоқтар Әкішұлының 50 жылдан аса өңіріміздің дамуы жолында,  қазақ тілінің жоғын жоқтап, барын түгендеп, тіліміздің мәртебесі үшін көп тер төккен жемісті еңбегі туралы баяндады. Бенефистің арнайы қонақтары әріптестері әрі замандастары С.Маханов, Б.И.Исабекова, Л.В.Тихонова, Д.Н.Таласбекова  Тоқтар Әкішұлымен бірге жұмыс жасаған кезіндегі ерекше бағалаған қырлары туралы тоқталып өтті. Тоқтар аға   30 – дан аса  шәкірттердің жүрегіне нұр құйып,  өмір жолын айқындап,  бағыт-бағдар сілтеп,  өзінің  ізбасар шәкірттерін  тәрбиеледі, бенефиске қонаққа келген шәкірттері  М.Қ.Айтова, З.Е.Сүлейменова, М.Белесарова өздерінің құттықтау лебіздерін білдірді. Шара барысында әдебиет әлеміне өзіндік қолтаңбаларымен келген жергілікті қарымды қаламгерлер А.Ж.Жақиянова, І.Тойшыбайұлы, Б.Байлов,  ардагерлер алқасының төрағасы А.Д.Беспаев, бас имам А.Сейітұлы, ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы М.Б.Кутеев, қалалық архив директоры А.Е.Базарқұлова мерейтой иесін құттықтап жүрекжарды тілектерін білдірді. Тәрбиешісі З.Ж.Жаңабаева, әуен жетекшісі Л.Ж.Тойшыбекованың жетекшілігімен «Гүлдер» балабақшасының «Наурызгүл» тобының бүлдіршіндері Тоқтар ағаға арнауларын оқып, музыкалық сәлемдерін жолдады. Еңбек ардагері, Қапшағай өлкесіне қаламгерлігімен із қалдырған С.Болсынбековтың Тоқтар ағаның  60 жасқа толған мерейтойына  арналған  «Пайымдар сөздің бағасын» атты арнауын   №3 орта мектептің 7 «А» сынып оқушылары Е.Аскер  және Е.Аманжол оқыды. Бенефистің бас кейіпкері Тоқтар Әкішұлына сөз кезегінде өмір жолында ұмытылмайтын сәттері туралы естеліктерімен бөлісті. Кеш барысында  «Мақтан тұтар тұлға» кітап көрмесі, «Әкіш Тоқтар Әкішұлы 75 жаста»  слайд көрсетілімі жасалып, оқырман қауымға таныстырылды. Өлке өнерінде өзіндік өрнегі бар, қаламыздың мәдениетінің мәйегіне айналған ақ жаулықты әжелерден құралған «Әжелер» және «Нұр қамқор» ансамбілдері, «Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің қызметкерлері, өнер майталмандары, күміс көмей әншілері А.Мадиева және А.Раймхан  әсем әндерін тарту ертіп, қалалық кітапхана директоры Н.Х.Кенжебекованың қорытынды сөзімен шара өз мәресіне жетті.


Кітапханашы Ф.Е.Мырзагалиева




Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .