Kapshagay.gov.kz

2019 жылғы қала әкімі мен ауылдық округтер әкімдерінің Қапшағай қаласы және өңір тұрғындарымен есеп беру кездесулерін өткізу кезінде айтылған азаматтардың ұсыныстарын, сыни ескертпелерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалу барысы туралы ақпарат

Главная


Мемлекет басшысының  «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін  өткізу  туралы» 2016  жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес, әр деңгейдегі әкімдер бірінші тоқсанның ішінде халық алдында жыл бойы атқарған жұмыстары туралы есеп береді.
2019 жылдың қаңтар айында Қапшағай қаласы әкімінің 12 есеп беру кездесулері өткізілді, оның ішінде: қала әкімінің 5, ауылдық округтер әкімдерінің 7 есеп беру кездесулері өтті.
Қала әкімінің және ауылдық округтер әкімдерінің есеп беру кездесулеріне қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қала әкімінің есеп беру кездесулерін өткізу кезінде 15 ұсыныс енгізілді. Олардың ішінде: 3 - жол жөндеу мәселесі, 6–абаттандыру бойынша, 1 – тұрғын ұй мәселесі жөнінде, 1 –  жер мәселесі, 2 – елді мекендерді газдандыру бойынша, 1– IT сыныптарды ашу бойынша және 1– қалада бейнебақылау камераларды орнату бойынша.
Шеңгелді ауылдық округінің Кербұлақ ауылындағы суармалы жерлердің игерілуі жөнінде.
Кербұлақ ауылындағы «Қазсушар» ШЖҚ РМК Алматы филиалының су беру нысаны (насостық станциясы) қайта жөндеуден өтіп, 1400 гектар суармалы жер айналымға енгізілді. Қазіргі уақытта 353 га жер игерілді.
         Заречный ауылдық округінің Арна ауылында балалар ойын алаңдарын салу туралы.
Ойын алаңдарын салу жұмыстары 2019 жылдың 3 тоқсанында аяқталды.
Қаладағы Космонавтов көшесінің жолын жөндеу туралы.
Жөндеу жұмыстар 2019 жылдың қыркүйек айында басталып, қазан айында аяқталды.Мердігер -  ЖШС "РСУ-1" болды.
Қаладағы 1 шағынауданындағы кварталаралық автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы.
Кварталаралық - Жамбыл көшесінен №2 гимназия аралығына, кварталаралық - Жамбыл көшесінен Қонаев көшесіне дейін (ХҚКО дейін) жөндеу жұмыстары 2019 жылдың қыркүйек айында басталды. Жөндеу жұмыстары 2019 жылдың 3 тоқсанында толық аяқталды.
Қаладағы және өңірдегі мектептерде IT-сыныптарын ашу туралы.
Шеңгелді ауылындағы «Қ.Жалайыр атындағы №6 орта мектеп» МКМ-не, Заречный ауылындағы «№12 орта мектеп МДШО» МКМ-не IT сыныптары сатып алынып, материалдық техникалық базасы толығымен қабылданды.
Қаладағы Спутник көшесінің жолын жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы.
Мердігер -  ЖШС «РСУ-1». Жөндеу жұмыстары қыркүйек айында басталып, 2019 жылдың қазан айында аяқталды.
Қаладағы Жеңіс саябағын абаттандыру және көгаландыру туралы.
Бүгінгі күні Жеңіс саябағында "Альянс Центр" ЖШС қызмет көрсетеді. Саябақта балаларға арналған ойын, спорт алаңдары орнатылды. Саябақ аумағында көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Қаланың 18 шағынауданындағы тұрғын үйлерді газ құбыры желілеріне қосу жұмыстары басталды және жалғасуда.
Шағынауданда жалпы ұзындығы 6 335 метр газ құбырлары жүргізілді. Шағынауданда 140 жеке үйге газ тартылды, оның ішінде 18 шағынауданның 14 жеке үйіне газ қосылған. Тарату жәшігі орнатылған, жұмыстар жалғасуда.
Заречный ауылдық округінің Арна ауылындағы тұрғын үйлерді  газ құбыры жүйесіне қосу жайында.
Бүгінгі күні Арна ауылында газ құбыры 1164 метрге салынды. Ауылда орналасқан тұрғын үйлерді газ құбырына қосу үшін қажетті құжаттарды жинау үшін "Қапшағай өңірінің газ желілері" мекемесінің кабинеті жұмыс істейді. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарынан құжаттар қабылдау жүріп жатыр. Газ құбыры желілеріне қосылу тұрғындардан құжаттар жинағаннан кейін басталады.
Қала мектептерінің аумағын абаттандыру бойынша.
«№ 4 орта мектеп» КММ мектеп ауласы мен футбол алаңын абаттандыру жұмыстары маусым айында басталып, 2019 жылдың тамыз айында аяқталып, пайдалануға берілді.
"№ 5 Орта мектеп" КММ мектеп ауласы мен футбол алаңын абаттандыру жұмыстар маусым айында басталып, 2019 жылдың қараша айында аяқталып, пайдалануға берілді.
Қалада бейнебақылау қамераларын орнату туралы.
Қаланың ПИТК аула алаңдарында және подъездер ішінде камераларды орнату бойынша жұмыстары орындалды. Бүгінгі күнге 1,2, 3, 4, 5 шағын аудандарында 300 бейнебақылау қамералары орнатылған.
Қалалық жағажайларды абаттандыру туралы.
№ 5 қалалық жағажайды абаттандыру бойынша жұмыстар 2019 жылдың қыркүйек айында басталды. Мердігер ЖШС «Globaltrade». Жұмыстар жалғасуда.
Шеңгелді ауылдық округі тұрғындарының малдарына ветеринарлық іс-шараларды жүргізуге арналған қора-қоршау  салу туралы.
«Эпизоотияға қарсы іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы жануарларының аса жұқпалы ауруларына қарсы, препараттарды қолдану арқылы жыл сайын алдын алу екпе жұмыстарды атқару барысында дәрілеуге арналған мал ұстайтын арнайы орындар (загон, раскол) салынуына Шеңгелді және Заречный ауылдық округтерінде 680 шаршы метрден жер телімдері белгіленіп, Шеңгелді ауылында 2-дана, Кербұлақ, Қосқұдық, Заречный, Арна ауылдарында 1-данадан  загон-раскол салынады. Бюджеттік тапсырыс ағымдағы жылдың шілде айында облыстық мәслихаттың отырысында қарастырылады деп жоспарланған, алайда қаражат қарастырылмаған. Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қаражат бөлінгеннен кейін, дәрілеуге арналған мал ұстайтын арнайы орындар (загон, раскол) салыну жұмыстары жүргізіледі.
1 шағынауданындағы №22 тұрғын үйіне жаңарту жұмыстарын жүргізу туралы.
2019 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту бағдарламасы шеңберінде бойынша қаражат бөлінбеді. Осыған байланысты, ПИТК "Әсем" үйдің шатыры бойынша жұмыстар жүргізілді. Жаңартуды 2020 жылы жүргізу жоспарлануда.
Қаладағы көшелерде жарықдиотты жарықтандыру орнату туралы.
2020 жылға бюджеттік өтінім берілетін болады. Жұмысты мемлекеттік жеке серіктестік бағдарламасы бойынша жүргізу жоспарланып отыр.
Ауылдық округтер әкімдерінің есеп беру кездесулерін өткізу кезінде 4 ұсыныс жоспарға енгізілді. Оның ішінде Шеңгелді ауылдық округі бойынша 2 ұсыныс, олар:
Шеңгелді ауылында арық жүйелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы.
Шеңгелді ауылының арық жүйелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу 2019 жылдың 15 наурызы мен 15 мамыр аралығында жүргізілді. Жұмыстар толық аяқталып, арық жүйесі іске қосылды.
Қосқұдық ауыл тұрғындарының малын бағуға жайылым жер бөлу туралы.
2019 жылдың қараша айында Қосқұдық ауылында ауыл шаруашылық малдарын бағу үшін 1000 га жер телімі бөлінді.
Заречный ауылдық округі бойынша 2 ұсыныс уақытылы орындалды:
Заречный ауылының шағынауданындағы қоқыс контейнерлерін қоршау туралы.
Заречный ауылының шағын ауданындағы № 6,17,19 үйлердің жанындағы 3 қоқыс алаңының учаскесі теңдестірілген, бетон құйылған және металлшифермен қоршалған.
Заречный ауылындағы жол белгілерін орнату туралы.
Демеушілердің көмегімен 11 жол белгілері дайындалды Ағымдағы жылдың тамыз айында Заречный ауылының Центральная, Дзержинская, Советская көшелеріне қойылды.
Қала әкімінің және ауылдық округтер әкімдерінің есеп беру кездесулері кезінде айтылған азаматтардың ұсыныстары мен ескертпелерін жүзеге асыру  жұмыстары жалғасуда.

 

«Қапшағай қаласы әкімінің аппараты» ММ




Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .