Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласының әкімі Т.Қ. Қайнарбековтың «Қапшағай қаласының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттері туралы» халық алдындағы есебінің тезистері

Главная


         2019 жылдың қортындысы бойынша Қапшағай қаласының дамуы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Халқына Жолдауына және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында іске асырылды.
Қапшағай қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы төмендегідей көрсеткіштермен сипатталады:
- 2019 жылы бюджетке түскен салықтар мен басқа да міндетті төлемдер белгіленген 23010,9 млн.теңгенің орнына 23330,1 млн.теңгені құрап, 101,4 % орындалды және 2018 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өсу қарқыны 108,5% жетті;
- республикалық бюджетке 18853,6 млн.теңге қаражат түсіп 2018 жылдың осы  мерзімімен салыстырғанда  109,7% пайызды құрады;
- жергілікті бюджетке түсетін салықтар жоспары 111,3% орындалып,  4023,2 млн.теңгенің орнына 4476,5 млн.теңге қаражат түсті.
Қала бюджетінің шығыс бөлігі 99,8% орындалып, ол 10732,9 млн.теңгеге қаржыландырылды.
2020 жылы  өзіндік қаражаттар соммасы 4,7 млрд.теңгеге жетеді.

Өнеркәсіп
Қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары  2019 жылы  жалпы сомасы 75500,0 млн.теңгенің өнімін өндірді және 2018 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өсу қарқыны 106,0% жетті. 2020 жылға жоспарланған көлем 80000,0млн.теңгені құрайды.


Есептік кезең қорытындысы бойынша «Кнауф Гипс Қапшағай», «Полимерметалл-Т», «Рыбпром», «Пеноплэкс», «Магнетик», «АЯМ», «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС-рі өндіріс көлемін арттырды. Сонымен қатар қуаттылығы 100,0 МВт «Эневерс Күнқуат» ЖШС күн электростанциясы, қуаттылығы 416,0 КВт күн электростанциясы «Samruk-Green Energy» ЖШС, қуаттылығы 9,0 МВт құрайтын «Кербұлақ», «Кербұлақ 2» желі- электростанциялары жұмысын бастады.
Макарон өнімдерін өндіретін «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС-нің 5 қондырғы линиясын іске қосу жұмысы жүргізілуде.
2019 жылы өнеркәсіп саласында жаңа ашылған кешендер мен кеңейу есебінен 257 жұмыс орны ашылды.
Жыл басынан бері негізгі капиталға 33800,0 млн. теңге инвестиция тартылды. Бюджеттен тыс инвестициялар үлесі 93,5% немесе 31600,0 млн.теңгені құрады.
2020 жылы 34000,0млн. теңге инвестиция тарту жоспарлануда.
Қапшағай қаласы мен ауылдық округтерде  шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын 4202 объектілер өз қызметтерін жүзеге асыруда. Шағын және орта кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысатындардың саны 17455 адамға жетті. Шағын кәсіпкерлік саласынан  бюджетке түскен жалпы салықтық төлемдердің көлемі 15245,5 млн.теңгені құрады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 80000,0 млн.теңгелік өнім өндірді.

Ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және «100 бизнес нысан» жобасы аясында шағын және орта бизнесте 1700 жұмыс орнын құрумен 60 объект енгізіліп, кеңейтілді. Сауда үйлері ашылды («Tой Mарт» ЖШС Сабыржан и К, «Small» ЖШС СкифТрейд), «ЖК Приходько» спорт залы,  (көлік жуу, кафе, дүкен) кешендері, «КазИнвестКапитал» ЖШС, «ЖК Қылышпаев А.Ж.» демалыс орны, «ЖК Артемонова Л.А.» кафесі, «ЖК Алибаев А.К.» көлікдүкені, өндірістік цехтар («ЖК Нуршат» пластикалық өңдеу цехы, «ЖК Жакупов») қағаз ыдыс шығару цехы және басқа да объектілер.
«Бизнес Бастау» мен  «Жас қәсіпкер» жобасы аясында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында 211 адам кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытудан өтті.
Жыл басынан бері нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 27 кәсіпкер 95,5 млн. теңге  шағын несие алды. (оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға 48,6 млн. теңгеге 16 жоба бойынша микрокредиттер берілді, қызмет көрсету саласына 9 жобаға 39,9 млн. теңгеге, 4,5 млн. теңгеге 2 өндірістік жоба).
Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 122 өтініш берушіге 61,6 млн. теңгеге  гранттар берілді (оның ішінде: көп балалы отбасылардан - 31 адам, мүгедек - 10 адам, 29 жасқа дейінгі -81 адам).
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнестің өндірістік инфрақұрылымын дамыту үшін жыл басынан бері 555,7 млн. теңгеге 4 жобасы іске асырылды:
- «LST market» ЖШС жылыжай кешенін газдандыру - 64,8 млн. теңге;
- «Green Land Alatau» ЖШС жылыжай кешенін газбен қамтамасыз ету - 31,3 млн.теңге;
- «Эневерс Канкуат» ЖШС қуаты 100 МВт-қа арналған 220 кВ станция құрылысы жобасы - 259,6 млн. теңге.
- «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС кірме теміржол жолының құрылысы»- 668,7 млн. теңге (бөлінген қаражат көлемі 2019 жылы 200,0 млн. теңге).

«Кұмсуат Фарм» ЖШС-сі үшін инфрақұрылым тарту жобасына қажетті қаржыландыру мәселесі шешілуде.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында:
         1-ші бағыт бойынша 9,5 млн.теңге сомасында 5 грант берілді , («Қамқор Жүрек 2016» ЖШС тігін шеберханасы, «Бестинг» ЖШС қызметтер, ЖК «Жетінші элемент» қызметтер, ЖК «Нұршат» пластик өңдеу шеберханасы, ЖК «Жакупов» қағаздан жасалған ыдыстар цехы).
2-ші бағыт бойынша (несиелер мен кепілгерлік несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау) 722,0 млн.теңге 11 жобаға берілді («Бағашар Мекен» ЖШС антифриз өндірісі, «СДиКО» ЖШС консервіленген көкөністер өндірісі).
Банк несиелерінің бір бөлігін кепілдендендіруге жалпы сомасы 90,8 млн.теңге болатын 4 жоба іске асырылды.
Қапшағай қаласынан «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 23,9 млрд. теңгеге 7 жобаға өтінім берді.Бүгінгі таңда «Төреқұлов» ШҚ-на 29,0 млн.теңге мақұлданды.   3 жоба бойынша жасалған өтінім негізінде бағдарламаға қосу мәселесі қарастырылуда. Бағдарламаға енгізілгентөртінші түзетулер пакетінде «Қапшағай фарфор» ЖШС жобасы оң шешімін тапты.


       Қаланың туристік индустриясы Қапшағай су қоймасының ресурстарына негізделген, онда 146 қолданыстағы туристік объектілер орналасқан. Демалушылардың саны 800,0 мың адамды құрады, көрсетілген қызметтер 2100,0 млн.теңге немесе 2018 жылмен салыстырғанда 107,8% жетті.
Мемлекет басшысының ішкі және кіріс туризмін дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Қапшағай қаласының әкімдігі №5 қалалық коммуналдық жағажайды абаттандыру жұмыстарын жүргізуде (жағажай алаңы 1,7 га, абаттандыру, көгалдандыру, саябақ аллеясы, балалар ойын алаңдары, паркинг). Жобаның құны - 53,1 млн.теңге.
Жағажай аймағын ретке келтірудің арқасында (№ 6,7) жағалауда демалушыларға қызмет көрсету үшін 42 бизнес нысаны ашылды (оның ішінде 7 - ЖШС, 35 жеке кәсіпкерлер) 390 жұмыс орны құрылды.
Биылғы жылы Қапшағай қаласында жалпы инвестициясы 460,0 млн. теңгені құрайтын «Комфорт» ойын-сауық кешені және «Отбасылық лагуна»  жағажайы сияқты туристік нысандар іске қосылды.
2019 жылы «Алматы-Демалыс» аймағының көшелерін дайындау жұмыстары басталды, 8,4 шақырымдық барлық тротуарларда жөндеу жұмыстары аяқталды. №6,7,10,14 көшелерде көше жарықтандыру тіректерін орнату жұмыстары басталды, 407,0 млн.теңге игерілді.
        2020 жылы туристік қызмет көлемін 2300,0 млн.теңгеге жеткізу, туристер санын 900 мың адамға жеткізу жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы

2019 жылы ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 16900,0 млн.теңгені құрады және  2018 жылдың сәйкес мерзімімен  салыстырғанда 126,1%  орындалды.
Барлық мал басы саны өсім көрсетуде. Жылқы саны 11,7%, сиыр саны 14,5%, қой мен ешкі саны 29,2%, сүт сауу 1,3%,  тірі салмақта мал етін дайындау 13,4%, жұмыртқа жинау 39,5% артты.
«Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде «Әлібай» ШҚ Симменталь тұқымының сүт бағытындағы 110 бас ірі қара малы сатып алынды. Инвестиция көлемі 100,0 млн. теңгені құрады, 10 жұмыс орны ашылды.


Шенгелді ауылында «Оспанова» шаруа қожалығы 70 бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңын салды. Инвестиция көлемі 31,5 млн.теңгені құрады.
«СД и КО» ЖШС консервіленген жеміс пюресін жасайтын технологияны іске қосты.15 жұмыс орны құрылды,инвестиция көлемі 150,0 млн.теңгені құрады.
Қаланың 2 жылыжайында 4124,7 млн.теңгенің 9,3 мың тонна көкөнісі өндірілді.
2019 жылы егіс алқабы 13666,0 га құрады.Егіс алқаптарының құрылымы: дәнді дақылдар 4297 га, қант қызылшасы 800 га, майлы дақылдар 4129,8 га, көкөністер 1660,7 га, жемшөп 2239 га, картоп және бақша 539,5 га құрады.Көкөністерді өсіруге арналған қарқынды тамшылатып суару технологиясы 1310 гектар алқапта және 1560 гектар алқапта дақылдарды өсіруде суды үнемдеу технологиясы қолданылды.
2019 жылы қаланың ауылшаруашылық тауар өндірушілері ауылшаруашылық ұсыныстарына сәйкес ауылшаруашылық дақылдарын уақтылы егу және күтім мен егін жинау шараларын жүргізді.
Жалпы - 4297 гектардан 10205,8 тонна астық жиналды, оның ішінде көктемгі арпа - 3941 гектардан 7705,8 тонна, жүгері - 356 гектардан 2500,0 тонна, соя - 2619,8 гектардан 5332,0 тонна,мақсары - 1510 гектардан 1968 тонна, қант қызылшасы 800 гектардан 25000,0 тонна, көкөністер 1660,7 гектардан 821372,0 тонна, оның ішінде 1558 гектардан 788800 тонна пияз, 190 гектардан қауын 4813 тонна, жемшөп - 2239 гектардан 26806,4 тонна жиналды.
Малдың қыстау мерзіміне өңір бойынша 30700 тонна шөп,  14,5 мың тонна сабан,   9,1 мың тонна фуражды астық дайындалды.
«Агробизнес 2020» бағдарламасы аясында өсімдік саласына -533,0 млн.теңге,мал шаруашылығына – 900,0 мың.теңге субсидия бөлінді.
Бюджеттен эпизотияға қарсы іс-шараларға 42,4 млн.теңге бөлініп,жұмсалды.
-Топалаға қарсы  6000 бас ірі қара, 68300 ұсақ мал,1900 бас жылқы, 200 шошқа егілді.
- Оспаға қарсы 50000 бас ұсақ мал егілді;
-серологиялық (бруцелезге қарсы) 8471 бас ірі қара малы тексерілді,оның ішінде 45 ірі қара малы ауру екендігі анықталды, 51738 бас ұсақ малы тексерілді, оның 181 ауру екендігі анықталып, ет өңдеу кәсіпорнына өткізілді. Сонымен қатар жануар иелеріне компенсация ретінде 4006,0 мың.теңге төленді.
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмысы бойынша бюджеттен 8,2 млн.теңге бөлінді, 2723 қаңғыбас иттер мен мысықтар ауланды.
2020 жылға ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 18000,0 млн.теңгеге жеткізу көзделуде.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және көркейту

      Қапшағай қаласының тұрғын үй қоры 239 көпқабатты үйлерден тұрады, оның ішінде 27 екі қабатты үй оның ішінде: 268 пәтер апатты және ескірген. Аталған үйлер 1967 жылы салынған.
Жалпы ауданы 11,5 мың шаршы метрді құрайды.     2017 жылдан бастап апатты үйлерді бұзу жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылы Степная көшесіндегі №8 үй бұзылып, сомасы 21,2 млн теңгеге 3 пәтер сатып алынды.
Қапшағай қаласында «7-20-25» Әр отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» бағдарламасын іске асыру мақсатындаүш көп пәтерлі тұрғын үйден тұратын «Балсу» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді.Тұрғын үйлердің жалпы ауданы 5621,1 шаршы метрді құрайды.Үйлердің тұрғын ауданы - 2057,6 м2.  Пәтерлердің жалпы саны - 54. (1-кезең) (Құрылысшы көшесі, 18 үй, 19/19 мекен-жайында орналасқан). Құрылыс жүргізуші - ЛСТК «ТЕРМОМАКС» ЖШС.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қапшағай қаласында және өңірде көп балалы отбасыларға жалға (сатып алу құқығынсыз) беру үшін жалпы 279,7 млн. теңгеге 30 пәтер сатып алынды, оның ішінде: 26 пәтер Қапшағай қаласында, Шенгелді ауылында 3 үй, Заречное ауылында 1 пәтер.
Қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында айтарлықтай іс-шаралар атқарылып, көркейту, көгалдандыру, қаланы және ауылды елді мекендерді санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді.
Көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде:
- «50 пәтерлік жалдамалы үйінің құрылысы» № 19 шағын аудан, №1 «А»;
- «50 пәтерлік несиелік тұрғын үйдің құрылысы» № 2 шағын аудан, № 47;
- «Қапшағай қаласындағы 30 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы», № 5 шағын аудан, 3/1. Бұл нысандарды аяқтау және пайдалануға беру 2020 жылға жоспарланған.

          «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында Қапшағай қаласының әкімдігі мен жеке құрылыс жүргізуші: «Термомакс» ЖШС, «Дифт Групп» ЖШС және «Хаммер Бау» ЖШС арасында Қапшағай қаласында көп пәтерлі тұрғын үйлер салу туралы меморандумға қол қойылды.
          3 тұрғын үй пайдалануға берілді (пәтерлердің жалпы саны - 54, жалпы ауданы 5,6 мың шаршы метр, № 18 шағын аудан, Курылысшы көшесі, 19/19). Құрылысты жүргізуші - «Термомакс» ЖШС; 
          Степная көшесі 4,  Ивушка шағын ауданында 70 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Құрылысты жүргізуші - «Дифт Груп» ЖШС. Тұрғын үйді пайдалануға беру 2020 жылдың мамыр айына жоспарланған.     
           «Хаммер Бау» ЖШС-гі жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп, жалпы ауданы 21,0 мың шаршы метрді құрайтын 359 пәтерден тұратын 12 қабатты тұрғын үй құрылысының оң сараптамалық қорытындысын алды. Іске асыру мерзімі  2020-2021 жылдыр.
Қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында айтарлықтай іс-шаралар атқарылып, көркейту, көгалдандыру, қаланы және ауылды елді мекендерді санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді.
Жылу жүйелерінің ұзындығы 58,4 шақырымды құрайды (магистральді 15,6 шақырым, бөллу жүйелері 42,8 шақырым). Жүйенің тозуы 40,0% құрайды.
Биыл жылу желілерінде 2 жобаны іске асыру басталды:
    18-ші шағын аудандағы Құрылысшы және Фрунзе көшелеріндегі жылу желілерін қайта реконструкциялау. Жобаның құны - 376,8 млн. теңге. Құбырдың диаметрі 90-нан 273 мм-ге дейін. Тозуы - 85%. (жұмыстарды аяқтау 2020 жылға белгіленген);
     4, 5-ші, «Ивушка» шағын аудандарында жылумен қамту желілерін реконструкциялау. Жобаның құны - 716,4 миллион теңге. Құбырдың диаметрі 100-ден 273 мм-ге дейін. Тозуы - 75%. (жұмыстарды аяқтау 2020 жылға белгіленген).
Су беру жүйелерінің ұзындығы 453,3 және кәріз жүйелерінің ұзындығы 173,2 шақырымды құрайды. Су жүйелерінің тозуы 79,0% немесе 358,1 шақырымды құрайды. Ал кәріз жүйелерінің тозуы 70,0% немесе 121,2 шақырымды құрайды.
Қосқұдық, Құлантөбе, Тасқұм, Бөктер ауылды елді мекендерді ауыз сумен қамту жобасы іске асырылуда. Биылғы жылы 154,7 млн.теңге жұмсалды. Барлық жоба құны 484,4 млн.теңгені құрайды. Жобаны толық іске асыру 2020 жылға белгіленген.
Газ беру жалғасуда. Қалада  аудандар арасында желілер жүргізілді. Бүгінгі таңда 3, 5, 8, 10, «Гүлдер» және «Восточный» шағын аудандарында 904 тұтынушы газға қосылды. Газбен «Кнауф Гипс Капшағай» ЖШС, «Перлит Юнион», «Магнетик» және «Маревен Фуд Тянь-Шань» сияқты кәсіпорындар қосылған. 30,0 км газ желілері тартылды, қамту 8% құрады немесе 1156 тұтынушыға газ жеткізілді.

Көркейту
Шағын аудан алаңдарын көркейту жұмыстары жалғасуда. Биылғы жылы 107,2 млн. теңгеге 2-ші шағын ауданында  2 алаң   жөнделді. Алаңдардағы тротуарлар жөнделді, көліктұрақтары жасалды, спорт алаңдары мен футбол алаңдары салынды, қоршаулар мен аулаларды жарықтандыру орнатылды.
          Заречный мен Арна ауылында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес сомасы 5,3 млн.теңгеге балалар ойын алаңдары салынды. Шенгелді ауылында арық желісін көркейту және топтық су сорғысына 7,0 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Д.А. Қонаев көшесін абаттандыру кезінде тротуарға төсеніш салынды,  на орындықтар, қоқыс жәшіктері және 247 дана тротуарға жарықдиодты жарықтандыру орнатылды. Бөлінген сома 265,3 млн.теңгені құрайды.
Жамбыл көшесін көркейту бойынша жұмыстар жүргізілді, орындықтар орнатылды, қоқыс жәшіктері және тротуарлардың бойына 100 дана шамдар жарықтандырылды. Бөлінген сома 24,0 млн.теңгені құрады.
          Орта мектеп гимназияның алаңын көркейту бойынша жұмыстар жүргізілді, 2 футбол қақпасы, 48 м2 тор орнатылды, 3000 шаршы метрден астам жасанды көгалдар төселді, 8 жарық диодты шам орнатылды. Бөлінген сома 31,1 млн.теңгені құрады.
          Қаланың арық жүйесінің құрылысы аяқталды, 2019 жылы 186,9 млн.теңге бөлініп, игерілді.

Жолдар
       «Елді мекендерде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:
- бағдаршамдар мен жол белгілеріне және қаланың жасанды жол кедергілеріне  техникалық қызмет көрсету - 4,5 млн.теңге жұмсалды;
- қаладағы жолдарды белгілеуге 6,7 млн. теңге жұмсалды;
- Қапшағай қаласындағы Абай-Қонаев, Құрылысшы-Әуезов, Сейфуллина-Центральная көшелерінің қиылысына 3 бағдаршам орнатуға жалпы сомасы 10,9 млн.теңге жұмсалды;
«Көлік инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасы бойынша Қапшағай қаласы, Сейфуллин көшесі бойында Алматы-Өскемен автомобиль жолының бойымен жүргіншілерге арналған өткел құрылысына 8,9 млн.теңгеге жобалық-сметалық құжаттары әзірленді.
 «Жолдарды қамтамасыз ету» бағдарламасына сәйкес:
 Қала мен ауылдық округтердің жолдарын ағымдағы жөндеуге 117,8 млн.теңге (Қапшағай қаласының 8 көшесіне -106,1 млн.теңге, Сарыбұлақ ауылындағы Рыскұлов көшесіне - 22,0 млн.теңге, Заречный ауылында Құрманғазы көшесіне – 23,0 млн.теңге) бөлінді.
Қапшағай аймағындағы автомобиль жолдарына күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде:
      - 139,2 млн. теңгеге Шенгелді ауылының 10 көшесіне орташа жөндеу;
      - Қонаев, Жамбыл көшелерінен Сейфуллин көшесіне дейін орташа жөндеуге 207,1 млн. теңге;
       - Қапшағай қаласында Центральная және Әйтеке би көшелеріне күрделі жөндеуге 198,3 млн.теңге;
        - Қапшағай қаласында Алматы-Демалыс аймағының көшелерін күрделі жөндеуге 407,0 млн.теңге жұмыстар атқарылды.
Қапшағай қаласының Гүлдер шағын ауданының көшелерін күрделі жөндеу жобасына 5,1 млн. теңге  және 11,5 млн. теңгеге Қарлығаш ықшам ауданының көшелерін күрделі жөндеу жобалары бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасалды.
         Қапшағай аймағында көп балалы аналарға жеңілдетілген жол жүруге  31,9 млн. теңге бөлінді (таксиді қоспағанда).
        2020 жылға келесі жобалар жоспарланған:
«Сумен жабдықтау және кәріздік жүйелерді дамыту» бағдарламасы бойынша, Қосқұдық, Тасқұм, Боктер станцияларында сумен жабдықтау жүйесін қайта құру және салу үшін 230,7 млн. теңге;
          32,5 млн.теңге сомасына Қапшағай қаласының ВК №132-ден Қойшыманов көшесі бойымен  ауданаралық су құбырын қайта қалпына келтіру жобасы;
         Инюшина көшесінен КНС №4 дейінгі кәрізді қайта қалпына келтіруге 34,9 млн.теңге;
       Құрылысшы, Фрунзе, 18-ші шағын ауданындағы,  көшелердің жылу желілерін қайта құру үшін және Ивушка ықшам ауданы, 4,5-шағын аудан, ішіндегі жылу желілерін ауыстыруға 711,4 млн. теңгеге қарастырылды.
      «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыруға (Заречный ауылына футбол алаңын орнату және Шенгелді ауылында арыктарды жөндеуге) 13,4 млн.теңге қарастылыды;
         Қапшағай қаласының аулаларын қалпына келтіру 1 кезең жобасына 514,6 млн.теңге;
«Ақылды қала» жобасын іске асыруға 73,0 млн.теңге қарастырылды;
«Алматы-Демалыс» демалу аймағының жолдарын күрделі жөндеуге 326,2 млн.теңге;
Қалалық және ауылдық тұрғындардың атаулы топтарының қоғамдық көлік шығындарын субсидиялауға 56,7 млн.теңге қарастырылды.

2020 жылға келесі жобалар жоспарланған: 
Қапшағай қаласындағы №19 шағын ауданы 1 «А» участокте орналасқан 50 пәтерлік жалдамалы үйдің және инженерлік-коммуникациялық жүйесінің құрылысына 428,6 млн.теңге;
Қапшағай қаласындағы №19 шағын ауданы 1 «А» участокте орналасқан 50 пәтерлік жалдамалы үйдің және инженерлік-коммуникациялық жүйесінің құрылысына 428,6 млн.теңге;
50 пәтерлік жалдамалы тұрғын үйдің ғимараты мен инженерлік-коммуникациялық жүйенің құрылысы (Ивушка шағын ауданы, Степная көшесі, 3) 609,5 млн. теңгеге;
Қапшағай қаласының №5 шағын ауданындағы 3/1 участокте 30 пәтерлі несиелік үй мен инженерлік-коммуникациялық жүйенің құрылысына 358,8 млн.теңге;
Заречный ауылындағы 20 пәтерлі жалдамалы үйдің  инженерлік-коммуникациялық жүйесінің сметалық құжаттамасын әзірлеуге 12,7 млн.теңге қарастырылған.

 

Әлеуметтік сала

2019 жылы  жұмыспен қамту бөліміне 2057 жұмыссыз азаматтар жүгінді. Аталған бөлімнің қатысуымен 1873 адам жұмысқа орналастырылды. 3093 жаңа жұмыс орындары құрылды.
Жыл басынан 306 азаматтарға 6 мамандық бойынша                (электргазбен дәнекерлеуші, аспаз, шаштараз, электромонтер, ЭВМ операторы, тігінші) қайта оқыту ұйымдастырылды. Оқуды аяқтағандардың ішінен 228 адам жұмысқа орналастырылды.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға 315 адам жұмысқа жіберілді, оның  84-і ауылдық жерлерден, 226 жұмыспен қамтылды.  
Халықтың арнаулы тобынан әлеуметтік жұмыс орындарына 46 адам жұмысқа жіберіліп, 42 жұмыспен қамтылды.
Жастар практикасына 69 адам жіберілді, оның 60 тұрақты жұмыспен қамтылды.
27 азаматқа шағын несие берілді. Осы мақсаттарға 95,5 млн.теңге бөлінді.
Есептік кезең ішінде келесі  атаулы әлеуметтік көмек түрлері көрсетілді, олар:
- жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 4040 алушыға 474,3 млн. теңге  төленді;
- 621 отбасы 4556,15294,0 мың теңге сомасында тұрғын үй көмегін алды;
- 38 адамға мүгедек балаларды үйде оқыту және тәрбиелеу үшін 2013,7 мың теңгеге әлеуметтік көмек берілді;
- 3099,4 мың теңге сомасында әлеуметтік көмекті 65 туберкулезбен ауыратын науқас алды;
- ҰОС ардагерлері мен мүгедектерге 272,7 мың теңгеге, 108 ауған соғысы ардагерлеріне 7560,0 мың теңге компенсация төленді;


- Ұлы Отан соғысының 3 қатысушысына және мүгедектерге 1500,0 мың теңге мөлшерінде бір жолғы көмек көрсетілді, АЭС апатынан зардап шеккен 27 азаматтарға  1350,0 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді;
-  өрттен зардап шеккен 1 адамға 505,0 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді;
- Қаржыландырудың барлық көздерінен 417 адамға 5158,0 мың теңге көлемінде гуманитарлық көмек көрсетілді.
Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан бөлінген  жолдамалар бойынша 175 адам денсаулығын түзетсе, 71 мүгедек қол арба, ал 137 мүгедек ортопедиялық көмек алды. Жыл басынан бері 26 мүгедек тифло-сурдо құралдарымен, 170 мүгедек міндетті гигиеналық құралдарымен қамтамасыз етілді.
70 өздігінен қозғала алмайтын 1 топтағы мүгедектерге жеке көмекші тағайындалды. Қала мен өңірде 1290 көп балалы отбасылар мен әлуметтік жағдайы төмен мектеп оқушыларға ақысыз тамақпен қамтамасыз ету, мектепке дейінгі балаларды балабақшаларға тегін тіркеу, көп балалы аналарға қалалық қоғамдық көлікте тегін жүру билеттері беріледі.
 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2 маманға 429,3 мың теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақы берілді, 4 маманға 15150,0 мың теңгеге ауылдық жерлерде баспана алуға несие берілді.

      2020 жылға сомасы 50,0 млн.теңгеге «7-20-25» бағдарламасы бойынша бастапқы төлемді бөліп төлеуге әлеуметтік көмек көрсету қарастырылуда.
      «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша әлеуметтік сала мен агроөнеркәсіптік кешен мамандарына  үстеме ақы мен үй сатып алуға несие беруге 8,5 млн.теңге қарастырылған.

 

Білім саласы

Қалада және аймақта 7 мемлекеттік, 10 жеке меншік мектепке дейінгі мекеме,  5 шағын орталықтар жұмыс атқарады.
Барлығы 3076 бала мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелемен қамтылып, көрсеткіш деңгейі 100,0% құрады.
Мектепке дейінгі білім беру бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:
- "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру аясында "E-ZHETYSU.KZ". порталы жұмыс істейді. Осы порталда ата-аналар балаларын онлайн режимінде кезекке қою мүмкіндігіне ие болды;
- 2019 жылы мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру мақсатында қаланың мектепке дейінгі білім беру ұйымдары 12 дана интерактивті тақталармен қамтамасыз етілді;
- "Үштілділік" бағдарламасын жүзеге асыру аясында балабақшаларда ағылшын тілін оқыту енгізілді.
Орта білім
Қалада және аймақта 15 орта мектеп бар, оның ішінде 8-і қалада,7-і аймақтарда.  2018-2019 оқу жылында  Қапшағай қаласының білім сапасы 67,5% құрады.  Алматы облысында алдыңғы қатарда.
Ұлттық біріңғай тестілеуге 207 оқушыдан 162 оқушы қатысты. Орташа балл 101,4 (облыстық көрсеткіш 87,2) құрады. 21 «Алтын белгі» иегері мен 12 үздік атестат иелері айқындалды. 140 түлек мемлекеттік грантқа ие болды, , бұл 86,4% құрайды. 22 түлек шетелдік жоғары оқу орындарының гранттарын алды.
15 жалпы білім беретін мектеп 100%  интернетке қосылған. Барлық мектептер «Күнделік», «BilimLand», «Ұлттық білім беру базасы», «Онлайн Сабақ» жүйелеріне қосылған. 
Білім сапасы пәндік олимпиадаларда, зияткерлік сайыстарда, ғылыми жобаларды қорғауда дәлелденуде:
- «Дарын» аймақтық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары 24 оқушыны құрады;
- 30 оқушы облыстық пән олимпиадасының жеңімпаздары атанды, оның ішінде 1 орын - 2, II орын - 9, III орын – 19 алды;
- Республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері - орта мектеп гимназиясының және №2 гимназияның 2 оқушылары танылды;
- орта мектеп гимназиясы мен №2 гимназияның 4 оқушысы халықаралық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары атанды.
Білім беру саласын цифрландыру бойынша 19,7 млн.теңгеге IT-сынып сатып алынды (Шенгелді ауылында Қ. Жалайыр атындағы №6 орта мектеп,  Заречный ауылында № 12 орта мектебі). 3,8 млн. теңгеге биология сыныбы сатып алынды (Сарыбұлақ ауылында №8 орта мектеп,), 4,4 млн. теңгеге лингвистикалық зертхана сатып алынды (Арна ауылында № 11 орта мектеп). 13,1 млн.теңгеге 70 компьютер сатып алынды.
2019-2020 оқу жылына оқулықтар сатып алуға 133,8 млн.теңге бөлінді, 98684 дана кітаптар сатып алынды.
Ыстық тамақтану және жалпы білім беру үшін көп балалы және әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардың балаларын оқытуға 55,5 млн.теңге бөлініп  жұмсалды.
«Мектеп ауласы» жобасы бойынша Қапшағай қаласындағы №4 және №5 мектептерінің аулаларын көркейту жұмыстары жүргізілді.
2020 жылға сомасы 58,5 млн.теңгеге материалды-техникалық базаны нығайтуға қаражат қарастырылған.
№2 гимназияның ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына қажетті жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 11,0 млн.теңге қарастырылған.
№3 орта мектебінің ауласын қалпына келтіруге 20,3 млн.теңге қарастырылған.

 

Денсаулық саласы

          Денсалықсақтау саласында 29932 адам тексеріліп, 1313 науқас диспансерлік тіркелімге алынды. Күндізгі стационарда емделгендер саны 2056 адамды құрады, ал тәуліктік стационарда 5476 науқас емделді. Халықтың денсаулығын нығайту және науқастану жағдайларының алдын алу мақсатында «Салауатты өмір салты» бағдарламасына қатысты жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдары көмегімен жүзеге асырылды.
Ағымдағы жылы құны 147,9 млн.теңгеге медициналық жабдық, оның ішінде (эксперттік санатты ультрадыбыстық аппарат, жасанды демалдыру аппараттары, операциялық процедураларға арналған лигашур аппараты, травматологиялық хирургия үшін СДУГА аппараты, жүкті әйелдерге балалардың жүрек соғысын анықтауға арналған КТГ аппараттары алынды.)
Аурулардың түрлеріне сәйкес амбулаториялық деңгейде науқастар дәрі-дәрмектермен тегін қамтамасыз етілген, бөлінген сома 279,5 млн.теңгені құрады.
                                         Мәдениет және спорт

Қала тұрғындарының бос уақыттарын, демалыстарын ұйымдастыру жөніндегі істер тұрақты түрде жүзеге асырылуда. 2019 жылы Қапшағай қаласы мен өңірде 522 мәдени шаралар және конкурстар ұйымдастырылып, өткізілді.
Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде 234 шара ұйымдастырылды, 42,8 мың адам қатысты. Барлығы 78 мақала жарияланды.
Қалада және ауылдық округтерде салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бұқаралық спортты дамыту бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Қалада барлығы 22 спорт түрі бойынша 170 спорт нысандары мен 3 жасөспірімдер спорт мектебі бар, оған 2072 адам қатысады. Есепті кезеңде салауатты өмір салтын насихаттайтын 75 ауқымды іс-шара өткізілді. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту 18077 адамды немесе қала халқының 29,7% құрады.
2019 жылы 9 спорт шебері оқытылды, 83 спорт шеберіне үміткер, 48 спортшы ересек спорт категориясына тағайындалды, 142 спортшы жастардың жаппай санаттарына ие болды. Республикалық және халықаралық жарыстарда 1641 медаль жеңіп алынды, оның ішінде 507 алтын, 1134 күміс және қола, 119 спортшы Қазақстан Республикасының ұлттық құрамаларына енгізілді.
Биыл қаланың үш оқу орнында 3 стадион салынды.
2020 жылы қалада мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында халықаралық және республикалық деңгейде спорттық және мәдени шаралар өткізу үшін спорт сарайын салу жоспарланды.
Арна ауылының клубын ағымдағы жөндеуге 27,0 млн. теңге қарастырылды.
Мәдениет үйлері мен клубтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 11,0 млн. теңге қарастырылды.

Қоғамдық тәртіп


2019 жылы барлығы 651 қылмыс тіркелді (2018 жылдың осы мерзімінде 968 қылмыс жасалған) көрсеткіш 32,7% төмендеді, қылмыс ашылу деңгейі 75,4% құрады.
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңына сәйкес құқық қорғау саласына қоғамдық құрылымдарды тарту, оны дамыту бойынша іс-шаралар атқарылуда.
Нашақорлықтың және темекі шегудің алдын алу мақсатында қала әкімдігімен бірлесіп, аймақтың білім беру мекемелері үнемі «Нашақорлыққа жол жоқ!», «Жастар есірткіге қарсы» тақырыбында дәрістер, әңгімелер, бейнероликтермен акциялар өткізіп тұрады.
Қаланың қылмыстық жағдайын сауықтыру бойынша қабылданған шаралар  аясында «Жасөспірім», «Мектеп кештері», «Түнгі қаладағы балалар», «Отбасы және балалар» іс-шаралары  өткізілді. Жасөспірімдердің жиналатын жерлерін анықтау мақсатында рейдтік тексерулер жүргізілді.
Қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстарды ашу мақсатында Қапшағай қаласында «Қауіпсіз аула» бағдарламасы аясында 1-5 шағын аудандарда 300 бейнебақылау камералары орнатылды. Орнатылған бейнекамера жүйесі жедел басқару орталығына қосылады.
Шенгелді ауылында 12,0 млн.теңге сомасында өрт сөндіру пункті құрылды.
                                  

 

Әкімнің бақылауында

2019 жылдың қаңтар айында Қапшағай қаласының әкімі қала тұрғындарымен  5 есепті кездесулер өткізді. Есеп беру кездесулерін өткізу барысында 37 адамнан әр-түрлі әлеуметтік сауалдар қойылды. Кездесулер барысында қала әкімі тарапынан түсініктемелер берілді.
Қаржы бөлінуді қажет ететін және жоғары тұрған органдармен келісуді талап ететін 15 ұсыныс көтерілді, аталған сұрақтар есеп беру кездесулерін өткізу кезінде азаматтардың айтқан ұсыныстарын  жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілді, олар: 3 - жол жөндеу мәселесі, 6 – абаттандыру бойынша, 1 – тұрғын ұй мәселесі жөнінде, 1 –  жер мәселесі, 2 – елді мекендерді газдандыру бойынша, 1 – IT сыныптарды ашу бойынша және 1– қалада бейнебақылау камераларды орнату бойынша.
Қазіргі уақытта көтерілген 15 мәселенің толығымен орындалғаны 12,
3 ұсыныс бойынша жұмыстар 2020 жылы жалғасады.
Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы тоқсан сайын қала әкімдігінің отырыстарында қаралып, орындалу нәтижелері туралы ақпараттар «Нұрлы Өлке» газетінің беттерінде және қала әкімінің ресми интерент ресурсына жарияланған.

 

 

 




Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .