Kapshagay.gov.kz

Халық үніне құлақ асатын мемлекет

Главная


«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету аясында ағымдағы жылы 21 қарашада Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні жалпы республикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Осыған байланысты 2019 жылы 21 қарашада Қапшағай қаласының әкімі Т.Қ.Қайнарбековпен - 28 адам, Шеңгелді ауылдық округінің әкімі С.Ж.Ченкебаевпен – 5 адам, Заречный ауылдық округі әкімі Б.Ф.Дүйсенбаевпен -5 адам жеке мәселелері бойынша қабылданды.
Олардың ішінде баспана беру мәселесі бойынша – 15 сұрақ, әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша – 1 сұрақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша - 10 сұрақ, жер мәселелері бойынша- 5 сұрақ, өзге мәселелер бойынша- 7 сұрақ көтерілді.
Қабылдау кезінде қала әкімі және ауылдық округтері әкімдерімен азаматтарға ауызша түсініктемелер беріліп, қала әкімінің орынбасарлары мен уәкілетті органдар басшыларына азаматтардың көтерген мәселелерін қарап, тиісті шаралар қабылдау үшін нақты тапсырмалар берілді.

 

 

«Қапшағай қаласы әкімінің аппараты» ММ-сі




Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .